30
Бұл жерде енгізілген бүйрықтар мен AutoCAD жауаптары (немесе
сұрақтары) көрінеді. Бұл аймақ бұйрықтар қатарының аймағы деп те аталады.
Command: (Бұйрық:) соңғы жолы бұйрық қатары деп аталады.
Координат
есепшісі сызу аумағында бағыттау үшін қолданылады. Ол өзінің үш
координаттық мәнін тышқан көрсеткішін графикалық экран бойынша қозғалу
кезінде өзгертеді. AutoCad – америкалық Autodesk компаниясы жасап шығарған
MS Windows ортасында қызмет жасайтын ең кең таралған автоматтандырылған
жобалау жүйесі болып табылады. AutoCad уақытпен тексерілген, жаңа
мүмкіндіктерімен тұрақты түрде толықтырылып
отыратын инженерлік
графиканың, үшөлшемді модельдеу мен көрсетудің мықты құралы. AutoCad
жүйесінің алғашқы нұсқасы (версиясы) 1982 жылы жарық көрді. AutoCad
жүйесін іске қосу үшін мына командаларды орындау қажет:
Пуск Программы
Autodesk AutoCad2013-Русский AutoCad2013 Сонда AutoCad2013 жүйесінің
жұмыс терезесі ашылады. AutoCad 2013 жүйесінің редакциялау командалары
сызбаға әртүрлі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Сызбаға өзгерістер
енгізуге түрлі себептер болады. Командалар «Редактирование»
құралдар
тақтасында орналасқан(15-
сурет).
15 Сурет-AutoCad жүйесіндегі сызба масштабына өзгерту
енгізу командасы
Объктілерді өшіру үшін «Стереть» командасы қолданылады. Бұл
команданы құлама мәзірінің «Редактирование»
бөлімінде немесе құралдар
тақтасында пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Команда іске
асырылған соң, командалық жолда өшірілетін объектіні көрсету керек.
Белгіленген объект сызықтары нүктелі сызықпен белгіленіп тұрады. Содан соң
«Enter» пернесін басу арқылы белгіленген объект өшіріледі. Егер бірден
бірнеше
объектіні өшіру керек болса, онда курсордың көмегімен бұл
объектілерді бірдей белгілеп алып, «Enter» пернесін
басу арқылы команданы
орындаймыз. Объектілердің көшірмесін жасау үшін «Копировать» командасы
31
қолданылады. Бұл команданы құлама мәзірдің «Редактирование» бөлімінен
немесе құралдар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға
болады. Командалық жолда көшірмесі алынатын
объектілерді белгілеуге
сұраныс жазылады. Тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы объектіні
белгілейміз. Содан соң «Enter» пернесін басу арқылы объектілерді белгілеуді
аяқтаймыз да, базалық нүктенің параметрін немесе
көшіруді координаталар
арқылы беруге болады. Операцияны дәл орындау үшін, базалық нүктені
таңдағанда объектілік байлауды (объектная привязка F3) пайдалану керек.
Объектілердің айналы көшірмесін салу үшін «Зеркало» командасы қолданады.
«Зеркало» командасын құлама мәзірдің «Рисование» бөлімінен немесе құралдар
тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Командалық
жолда келесі хабар пайда болады(16-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: