Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет138/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Айюбтың қиссасынан алынар өнеге 
Аллаһ тағала сынақтың ең үлкенін Өзінің ең сүйікті 
құлдарының біріне беріп, одан кейінгілер үшін ғибрат қалдырды. 


162
 
 
ЗУЛКИФЛ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
Аллаһтың кітабында Айюбтың қиссасынан кейін: 
«Исмаил, Идрис, Зулкифлдер – барлығы сабырлы 
болатын. Оларды мейірімімізге бөледік. Өйткені олар 
ізгілерден еді»
1

«(Мұхаммед!) Исмаил, Әлясағ және Зулкифлді есіңе ал. 
Барлығы жақсылардан еді»
2
, – деп оның екі жерде аты аталған. 
Құранда оның пайғамбар болғандығына айқын дәлел жоқ. 
Бірақ ғұламалар оның есімінің пайғамбарлар қатарында аталуы 
себепті оны пайғамбар деген. Тарихшылардың көбі оны 
Айюбтың ұлы деп айтқан. Ол – Бишр ибн Айюб. Бишр қауымына 
ақыл-кеңес беруді, оларға әділ төрелік етуді, Аллаһ тағаланың 
әмірін орындауды, Ол үшін түні бойы намаз оқып, күнімен ораза 
ұстауды және ешқашан ашуланбауды өз мойнына алғаны үшін 
Зулкифл деп аталған. Ал ол сөзінде бекем тұрып, ғұмырын 
түгелдей уәдесін орындау үстінде өткізді деген деректер бар. 
Оның өмір жолынан бізге жеткен мәліметтердің бас-аяғы осы 
ғана. 
1
«Әнбия» сүресі, 85-86 аяттар. 
2
«Сад» сүресі, 48-аят. 


163
 
 
РАСС ХАЛҚЫ 
Құранда аты аталған халықтардың бірі – расс елі. Аллаһ 
тағала:
«Ад, самуд және расс елі мен бұлардың арасындағы 
көптеген ғасырларды... Барлығына да мысалдар келтіріп, 
баршасын мүлде жоқ еттік»
1

«Олардан бұрын Нұх қауымы, расс халқы және самуд елі 
де жалғанға шығарған болатын. Ад, перғауын және Луттың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет