292
«Көндіңдер ме әрі осыған орай жүктегенімді қабыл алдыңдар
ма?» – деді»
1
деген сөзінің тәпсірінде Ибн Аббас (Аллаһ
әкесі
екеуіне разы болсын):
«Аллаһ қандай пайғамбар жіберсе, егер ол
тірі бола тұрып, Мұхаммедті (пайғамбар қылып)
жіберсе, оған
иман келтіріп, жәрдем бересің деп уәде алған. Және де оған
үмбетінен, егер олар тірі тұрып, Мұхаммедті (пайғамбар
қылып)
жіберсе, оған иман келтіріп, жәрдем бересіңдер деп уәде
алуға бұйырған», – дейді
2
.
Исраилдіктердің соңғы пайғамбары
Иса мен пайғамбарымыз
Мұхаммедтің (с.а.с.) арасы шамамен алты жүз жылдай.
Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарлық міндетін халыққа жиырма үш
жыл бойы жеткізді және өзінен кейінгілерге де соны
жалғыстыруды бұйырды. Ислам ғұламалары Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) өмір жолы туралы көптеген еңбектер жазған.
1
«Әлі Имран» сүресі, 81-аят.
2
Мұны Ибн Кәсир риуаят еткен.
293
ҚОРЫТЫНДЫ
Жаратушының жәрдемімен «Пайғамбарлар қиссасы» атты
кітабымыз соңына жетіп отыр. Аллаһ тағала:
«Әрине, пайғамбарлардың қиссаларында ақыл иелері
үшін өнеге бар»
1
, – деп айтқандай,
көптеген тәлім-тәрбиеге,
ғибратқа толы оқиғалармен таныстық.
Адам пайғамбардың қиссасында әлемдердің Раббысы
Аллаһты
жоққа шығарғысы келіп, жасанды тарих жазған
атеистердің сөздері жалған екенін түсініп,
шынайы тарихтың
бастауынан сусындадық. Сол хақиқи бастау – бүкіл өмірдің мәні.
Себебі Аллаһ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: