Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет131/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

жадри.
4277.Қосу, алу – жам’ у тафриқ, аумағын өлшеу –масоһат.
4278.Алгебра – жабру муқобил, Эвклид – Уқлидис (Эвклидтің 
математикасы).
4397. Автордың осы үшеуі деп отырған нәрсесі: ақылдылық, 
көріктілік, қылықтылық. Олар туралы соңғы төрт бәйітте (4393-
4396) айтылады.
4606. Кәне әлемді билеп тұрган жалгыз жан... С.Н.Ивановтың 
берген ескертулері бойынша [4710], бұл жерде халық аузындағы 
әңгімелерде айтылатын Шаддад туралы сөз болып отыр. Ол 
Құдайменен айқасқан, тиран болған адамдар мен рухтарға 
үстемдік еткен, пейіштің бағын орнатып, жасандырған. 
Соған кіріп бара жатқан жерінде Әзірейіл оның жанын алған 
(1452-түсініктемені қараңыз). «Һуд әлейһиссаламның заманында 


562
өткен Шаддат деген патша болды. Ол «ақыры мен Құдаймын!» – 
деп, 400 жыл ішінде есепсіз алтын, күміс, гауһар шығын қылып, 
бір жаннат жасатты. Оған «бағы Эрам» – деп ат қойды» (Рабғузи. 
«Қиссас-ул-анбия», «Мұхаммед Әлейһиссаламның Хадишаға 
үйленуі» деген тарауда).
4607. Кәне жаулап дүниені қысқан ит... бұл жерде автор ежелгі 
миф бойынша Намруд туралы айтып отыр. Ол аңқұмар аңшы 
болған. Ол бүркітке (қарақұсқа) мініп көкке ұшып кеткен, бірақ 
оны аралар талап өлтірген (С.Н.Иванов). 
4608. Кәне «Құдай–мен!» – деп айтқан күбіне? ...Әңгіме бұл 
жерде Перғауын (Фараон) туралы болып отыр. Оның «Мен 
Құдаймын» деген сөзі Құранда аталатын көрінеді (28,38). Құдай 
оны теңіз түбіне лақтырып жіберіпті (Құран, 28, 40, 40, 40) 
(С.Н.Иванов).
4609. Кәне жиып бар байлықты жұтынған...? Шығыс 
елдерінің аңыздарында айтылатын Қарун деген бай туралы 
айтылып отыр (Құранда аталып өтеді екен, 29, 38) (С.Н.Иванов).
4610. Кәне «Шығыс, Батыс, бер, – деп жол маған», Елді жаулап, 
дүниені жалмаған? Бұл жерде белгілі Александр Македонский 
(б.д.д. 356 - 323ж.) туралы сөз болып отыр. Сөз арасында 
айта кетейік, дастанның түпнұсқасында А.Македонскийдің 
«ел тұтұғлы бу дуниа йегі» деген теңеуі бар. Оны тәржімашы 
Қ.Каюмов өзбек тіліне «элларни олған бу дүне яхшиси» деп 
аударған. Соңғы сөз өзбек тілінде (орысша: хороший, добрый, 
славный») «жақсы» деген позитив мағына береді. Көне түркі 
тілдеріндегі йег сөзі де (орысша: «хороший») осындай мағынада 
жұмсалады («ДТС, 252 б.). бірақ бұл жерде йег емес, йек (тәуелдік 
тұлғада иегі) (орысша: «демон» – «әзәзіл, пері, сайтан, жын, 
ауыспалы мағынасы – «жауыз, залым») сөзі қолданылып отыр. ( 
ДТС», 253 б.) Қазіргі біздің тіліміздегі «жер астынан жек шықты, 
екі құлағы тік шықты» немесе «жегідей жеді, жек көру» деген сөз 
тіркестерінде осы көне сөз кездеседі. Оны кейбір авторлар «жер 
астынан жік шықты...» деп қате жазып жүр.
4611. Кәне асасы жылан болып кететін? Тауратта сөз болатын 
Моисейдің Құранда қолданылған түрі – Муса (Мұса) туралы 
айтылып отыр (7, 104, 26, 31-б.). Оның ирек-ирек сиқыр темір 
таяғы (ол сонымен теңіз суын қақ жарып өте беретін) болған 
(С.Н.Иванов).


563
4612. Кәне үстемдік еткен пері, диюға? Бұл жерде Тауратта 
айтылатын Сүлеймен (Соломон) туралы сөз болып отыр, Құранда 
да аталып өтеді екен (2, 96-б.). Ол барлық адамдар мен жаны бар 
жәндіктердің (мал, хайуан, құс, бақа-шаян, құрт-құмырсқа, т.т.) 
билеушісі болған. Қауесет бойынша ол Құдайдың «ең жоғарғы», 
айтылмаған, құпия, бірақ оның жүзігіне ойылып жазылған атын 
білетін болған (С.Н.Иванов).
4613. Кәне өлгенді тірілтетін пақырың?.. Таураттағы Йсус 
туралы айтылып отыр. Құранда көп пайғамбарлардың бірі 
есебінде Иса аталып өтеді екен (5, 79-б.). Ол өлі адамдарға 
дем салып (үрлеп), оларды тірілтіп алатын болған (5, 110-б.). 
Қазақтардың өліп бара жатқан адамға дем салу әдеті осыған 
байланысты болса керек. 
4614. Өлім, міне, ең таңдаулы досты алды... Әңгіме бұл жерде 
Мұхаммед (с.ғ.с. 570-632 ж.) туралы болып отыр. Ол – Алланың 
өзі жіберген елшісі, ислам дінінің негізін салушы; ең ұлы, ең жас, 
ең соңғы пайғамбар. 
4632. Бұл қызықтың бәрін қойдым, жақсы ұлық, Өйтпей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет