Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Кітапқа ат қою [туралы] және кәрілік



Pdf көрінісі
бет14/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Кітапқа ат қою [туралы] және кәрілік 
[жайында] айтылады
Бұл «Құтадғу білік» дедім жол басын, – 
Бағын ашсын оқушының, қолдасын!
345. Айттым сөзді, жаздым кітап жарайтын,
Екі өмірді түгел алып қарайтын.
Кім сапырса екі өмірдің ырысын,
Сол – бақытты, айтам сөздің дұрысын.
Күнтоғдыдай патшадан сөз бастайын,
Ат қоюдың мәнін айтып тастайын.
Айтам сосын Айтолдыны (дұрыс ол), 
Құт-бақыттың жарқырайтын нұры – сол.
Бұ Күнтоғды – әділ заңның құдды өзі, 
Ал, Айтолды, қарап тұрсаң – құт көзі.
350. Сосын айтам Өгдүлмішті, ол кісі – 
Қанат берер ақыл-ойдың белгісі.
Одғұрмыш қой одан соңғы зоры тым, 
Оның атың «Қанағат» деп жорыдым*.
Мен сөз еткен бұл төртеуі – осылар,
Жіті көзің мұны оқысаң, ашылар.


44
Ей, жас жігіт, сенде шаттық, жігер де, 
Болма жалқау, сөзімді қалт жіберме.
Еш жаңылма, болсаң тура жолда егер,
Бос жібермей жігіт кезді – пайда көр.
355. Біл бағалай: жүрмес жастық қалтаңда, 
Өтер өмір тістей қатып қалсаң да.
Жас жігерге табын, білсең сол барын,
Бос өткізбей ғибадат қыл, жалбарын.
Жігіт кезім – арман болды-ау, есіл ер, 
Өкініш бар – пайда жоқ, сөз кесілер.
Кімнің жасы қырықпенен астасар,
Сонда жігіт кезіменен қоштасар.
Елу жас кеп енді мені басынды,
Аппақ қылды қылаң қара басымды.
360. Шақырады алпыс енді осыннан,
Барам соған қылжимасам тосыннан.
Жас саумалап алпысты да демде өтер
Жазы қыс боп, бұл өмірден дәм кетер.
«Отыз» жиды, – сарп етті оны «елуі», 
Не болады сонда «алпыстың» келуі? *
Не қылып ем, саған «елу» желіккен, 
Өшігесің енді маған неліктен?
Жігіт кезім өмір балын татырды,
Асымды улап, кәрілік бас қатырды.
365. Бойым оқтай түзу еді, көңіл – тоқ,
Бой бүгіліп, енді көңіл – қоңылтақ.


45
Алар қарттық – жисаң жігіт кезіңде, 
Басыңа кеп, көресің ғой өзің де.
Ей, Жасаған, панаңды ойлап барладым, 
Мен уақыт тұтқыны боп зарладым.
Тұсалды аяқ, кісенсіз-ақ шалысты,
Көз қарайып, көрмей қалды алысты.
Тәтті өмір жоқ, өшті кеуде оты да,
Алыс қалды жігіттіктің аты да.
370. Ей, ақ сақал! Келер өлім – дайын бол, 
Зарлап жылап, өткен күнмен қайым бол.
Кетті-ау өтіп бостан-босқа күн, айлар, 
Қалған күннің кешірімін кім ойлар!
Жалғыз Ием мұңсыз, мәңгі тірі еді,
Бар тіріні өлімге әкеп тіреді.
Мен өтінем сенен төгіп жасымды,
Ұзарта көр тағы біраз жасымды.
Сенен күш ап осы сөзді құрадым
«Бітірсем!» деп, Ием, медет сұрадым.
375. Тынбай тілім Жаратқанды мақтасын,
Ол бәленің барлығынан сақтасын.
Мені тыңдап, көңілімді гүл етті,
Көңіл тыныш, тура жолда түлетті.
Түнекте едім – жарық қылды түнімді, 
Қараңғы еді – тудырды Алла күнімді.
Жол көрсетті адасқан ем, жақтады, 
Мені асырап, қүйер оттан сақтады.


46
Мені таңдап, үлес берді бай, құтты, 
Азар жолдан көтермелеп айнытты.
380. Нұрын құйып, көңілімді безеді,
Тіліме де таным берген өзі еді*.
Мені иектер пайғамбардың жолы шын
Тек пайғамбар өзі берсін қол ұшын.
Ием маған мейірімін кең қылды, 
Жарылқады ғибадатсыз мен құлды, –
Мұны өтеймін шүкір қылып қалай бұл, 
Тірі болып жүрсем егер талай жыл?
Мен бір байғұс, Аллам, сор-мұң құрсаған, 
Мұң-зарымды төгемін тек бір саған.
385. Шүкір етер менде жоқ қой құдірет,
Менің үшін сен сабыр қыл, шүкір ет.
Ұста тура, тура жолға сал дағын,
Иман тонын менен шешіп алмағын.
Жаным тәннен шығар кезде сүзілсін, 
Ақтық демім шаһадатпен үзілсін*.
Жер астында жалғыз қалсам мен егер,
Сен жаудырып рахымды төге бер.
Мен – құлыңмын ғибадатсыз, құлықсыз, 
Көп жазығым, – кешіре көр, Ұлықсыз!
390. Жарылқай көр момындармен бірге елді, 
Бүгін бақи өмірден бер бір белгі.


47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет