81
825.
Қызыметің бек көңілін таппаса,
Зор еңбегің зая кетер жақпаса.
Құт қонақтап, іс-еңбегін асырған,
Ыла айтыпты, тыңда, жұртты бас ұрған*:
«Бек
алдында қызымет қып тұрғасын,
Бек сүйетін жолдан бетін бұрмасын.
Бек разы болса – бедел асады,
Қызыметің содан есік ашады.
Ісін білген – төрге шығар, шығысар,
Іс білмеген – төрден төмен ығысар.
835.
Бекті құлы шат сезімге бөлейді,
Бек те соны қадір тұтып елейді».
Патшаның Айтолдыға [берген] жауабы
«Ұқтым! – деді патша, – мұны білемін,
Сақтан өзің – қуантудың біл емін.
Мен айтайын:
жаман істен қалыс бол,
Сен жуыма жаман іске – алыс бол.
Жақтырмаймын: өтірікті, жалғанды,
Зорлық етіп, қара күшке
салғанды,
Сұғы бар көз, кессе қаны шықпасты,
Ұшқалақты, «көзі ұятсыз – ұқпасты».
835. Қаһар төксе, ашу-ыза кернесе,
Арам қол боп, шарап іздеп терлесе.
Маған
жақпас бұл кісілер тәрізді,
Бәрін ашық айттым саған – бәрі ізді.
82
Маған жұмыс істер болсаң тұрақтап,
Бұ нәрсенің бәрін де қу жырақтап.
Әр күн сайын жақын тартып барасың,
Сый-құрметім шешер ол іс арасын».
Айтолдының патшаға [қойған] сауалы
Айтты Айтолды: «Білдім
бұ сөз сарасын,
Айтып берші тағы бір сөз арасын.
840. Жауап берші, ізгі кісі қандай-ды?
Ізгілігін оның қайтып таңдайды?»
Патшаның Айтолдыға [берген] жауабы
Айтты патша: «Ісі ізгінің ерек-ті,
Пайда әкелер ол халыққа керекті.
Бар
халыққа еңбек етер құлдай-ды,
Жақсылығын әете міндет қылмайды.
Жұртқа беріп – ойламайды алымын,
Бергенінің сұрамайды қарымын».
Достарыңызбен бөлісу: