Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет27/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Айтолдының [берген] жауабы
«Пайдасы сөздің зор боп кетер еді:
Биікке құл да болса, көтереді.
Пайдасы сөздің, міне: қара жерден 
Көкке де көтерілер, шығар төрден.
Білмеген сөз сыңайын не табады:
Болса да көк аспанда – жер қабады».


95
Патшаның Айтолдыға [қойған] сауалы
990. «Ашып айт, уа, білгішім, көп созғанша: 
Болады аз сөз қанша, көп сөз қанша?»
Айтолдының [берген] жауабы
«Көп сөз – сол: кезегіне қарамаса,
Бос сөйлеп, көңілінді жараласа.
Аз сөз – сол: жөнді сөзін дайын тосса
Жауабы сұрағымен қайымдасса.
Тіл безеп, екі бетте нұр ойнаған 
Шайырдың сөзі мынау бір ойлаған:
«Көп ойлап, жақсы сөйле – болсын нұсқа, 
Сұраса –жауабың тез болсын қысқа.
995. Көп тыңда, көп сөйлеме, ақылменен 
Сөзіңе білім өргін, болып ұста».
Патшаның Айтолдыға [қойған] сауалы
«Бұ сөзің – түбегейлі, оны да ұқтым,
Бір сөз бар, жасырмай айт соны, мықтым!
Шын сөзді кімдер естіп сазарады, 
Кімге айтса, көңіл шіркін тазарады?’
Айтолдының [берген] жауабы
«Данадан, қанып сөздің бұлағынан, 
Наданның құйса болар құлағынан.
Естіп ап үлкен, есті кісілерден, 
Таңдап айт ұстамдыға кішілерден.


96
1000. Көп тыңда, айтар сөздің болар кезі, 
Дананың маған айтқан осы – өзі.
Көп сөйлеп кісі білгіш дана болмас,
Көп тыңдап дана болар баршаға бас».
Білгіш, ол – үндемеген керек кезде,
Білімге қол артпайды мылжың, езбе.
Патшаның Айтолдыға [қойған] сауалы
«Болды бұл айтқандарың үғымды сөз,
Айтып бер тағы да бір шығымды сөз.
Керек пе: тек отыру, сөзді бастау,
Жасыру, не пікірді ашып тастау?»
Айтолдының [берген] жауабы
1005. «Мен айтам тыңда, патшам, – жә, сырын ұқ, 
Айтпаса – білім қалар жасырынып.
Болады сөзбен даттап, мақтауға да,
Біреуін сөгіп, бірін жақтауға да.
Бұ тілмен қалың халық – барлығы да, 
Құдайдың дұға қылар барлығына.
Түмен мың халықты Алла жаратыпты,
Алла атын олар тілмен таратыпты.
Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі – сөз, бірі – көңіл жүректегі.
1010. Жақсы сөз ой-көңілді идіреді,
Қыңыр сөз – ол кісіні күйдіреді.


97
Пайдасы тура сөздің тым көп еді, 
Айтылса қисық сөзді жұрт сөгеді.
Тіл тербеп, тура сөзді асырып сал, 
Болғанда сөзің қырсыз, жасырып қал.
«Мылқау» боп аталады үндемеген, 
Мылжың ғой малтаны езіп күнде жеген.
Көк мылжың – елдің соры, емес ол мәрт
Елдегі ең жақсы адам – болса жомарт».
1015. Қуанды патша мұның тыңдап сөзін,
Дұға қып, көкке тікті екі көзін.
Құдайға қылды шүкір, мадақ тағы,
«Ей, Ием, – деді, – ғазиз о жақтағы!
Ізгілік, сен беріп ең бұ тіршілік, 
Табынбай істеп жүрмін күпіршілік.
Сен бердің мен тілеген қаумет қалай, 
Игілік, дүние-мал, дәулет талай.
Етейін шүкіршілік – жетеме сен, 
Болмас-ты өзің оны өтемесең!»
1020. Сөз бітті. Қазынадан жеме-жемде 
Көп нәрсе үлестірді кедей-кемге.
Бұ патша Айтолдыны аялады,
Қолдан – сый, тілден – балын аямады.
Беріпті атақ, сыйлық – не бірін де, 
Тағатын әшекейлі темірін де*.
Бас қылды сондағы елдің барлығына, 
Бойсұнды жауы да оның жарлығына.


98
Айтолды бастап істің тәуіріне 
Қуанды жүріп тұрған дәуіріне.
1025. Ел байып, халық жетті мақсатына, 
Жабылып дұға қылды патша атына.
Үдеріп елден бейнет, ірге түрды,
Қозы мен бөрі келіп, бірге жүрді.
Ел жайнап, әділет те күмбірледі,
Патшаның бақыты да күнде өрледі.
Бір кезде қонған екен құт осындай,
Жұрт оған шалжиыпты құдасындай.
Жаңадан ұлыс, кент қаптатыпты,
Алтынмен қазынаны аптатыпты.
1030. Жан тыныш, патша мәз боп қолды ұрыпты, 
Әлемге даңқ, сөзін қалдырыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет