Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Патша ағзамның Өгдүлмішке ақыл-кеңес



Pdf көрінісі
бет35/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Патша ағзамның Өгдүлмішке ақыл-кеңес 
бергенін айтады
Патша ұзатты Айтолдыны «аһ!» ұрып,
Ақыл айтты оның ұлын шақырып:
Ей, ұлым, сен көп қайғырма, артылма,
Өтсе қайғы, қуаныш бар артыңда.
Бұ қайғы ауыр, түсінем ғой мен сені, –
Көтере алмай мен де отырмын еңсені.
Азба, тозба, жұбан дағы жасыма,
Ет қызымет жақын тұрып қасыма.
1530. Әкең өлсе – мен әкелік қылайын,
Мен әкеңмін, сен ұлым бол лайым!»
Бұл Өгдүлміш жерді сүйді, тағы да:
«Көп жасаныз, – деді, – халық бағына!
Мен құлыңмың, қолбаламын, малайың, 
Болсын құрбан патшаға бақ-талайым.


138
Әкем кетті жаны саған құрбан боп,
Мен де кетем Тәңір қиған бір жан боп!»
Әкесінің жазған хатын бажайлап, 
Патшасына ұсынды оны абайлап.
1535. Алып патша, оқып көрді ақырын,
Сөзін ұқты, айтты: «Қайран, ақылым!»
Орының бос, сарайым да қаңырады, 
Мейірімді жан едің!» – деп аңырады.
«Тірі кезде тірлік еттің тыңайып, 
Өлеріңде мені ойладың мұңайып.
Өтемедім еңбегіңді ұдайым,
Соны өтесін енді саған Құдайым.
Мен ризамын жүрсе дағы әмірім
Жарылқасын енді сені Тәңірім!»
1540. Патша сөзін жұтты, жасы төгіліп, 
Шығып кетті қабырғасы сөгіліп.
Келді үйіне қайғы-мұң қып қазаны, 
Жатып алды бір күн тұтып азаны.
Асын берді әкесінің ұлы енді, 
Кем-кетікке үлестіріп шүленді.
Кешті қайғы, жалғастырды игі ісін
Тартты өзіне адамдардың игісін.
Әділ жүрді әке ісінің соңынан,
Артып құты, туды күні оңынан.
1545. Бастан кешкен, біліп алған ел ісін,
Депті біреу, тыңда сөздің желісін:


139
«Әке сөзін берік ұста «тегім!» – де,
Сонда бақыт келеді ағыл-тегіл де.
Ата-анаңды қуанышқа бөлесең,
Мың есе боп оралады тегінде».
Енді патша кірісті іске, аңғарды,
Әр күн сайын қолдап ізгі заңдарды.
Ел жетіліп, бар байлыққа батады,
Атын патша дұғасында атады.
1550. Патша бір күн жалғыз қалды, сондайда
Ол кітабын былай қойып, шомды ойға.
Мылы алаң, сезіп көңіл-ой тарын,
Біле алмады оны кімге айтарын.
Айтолдыны еске ап, ойға ереді,
«0, дариға! – деді, – ердің ері еді.
Езгі досым көркі еді ғой сарайдың, 
Оның ісі ел бағына орай-тын.
Оның орны қаңсып босқа ол тұрар, 
Бар ма кісі бос орынды толтырар?» 
1555. Ойы келіп Өгдүлмішке ұласты,
Деді патша: «Ұмытпайын бұ досты.
Айтолды айтып өлерде сөз асылын,
Мен ұмыттым, тапсырып ед осы ұлын.
Әкесі өлсе, ұлы тірі өндірдей
Оны ұстайтын әкесімен мен бірдей!» 
Шақырып ап Өгдүлмішті ісінен,
Өз есігін жапты патша ішінен.


140
Кірді Өгдүлміш, патша алдында тік тұрды, 
Түр-түсінен қуанышын ұқтырды.
1560. Көрді патша, деді дағы «а, Құдай!»,
Айтты: «Қалай тағдыр, талай-жағдай?
Өтер күнің не нәрсені түзуде,
Жүрер жолың кисық па, әлде түзу ме?
Тағдыр не етті әкесі өлген мұндарға:
Шат жүрсің бе, әлде қайғы, мұң бар ма?»
Айтты Өгдүлміш: «Падишамның бағы ассын,
Жасап ұзақ, атақ-даңқы тағы өссін.
Патша ісінен қалдым жырақ өрістеп,
Түйді қабақ тағдыр маған теріс кеп.
1565. Көрмей көптен патшамыздың назарын,
Бір күлмедім тартып мұң-шер азарын.
Айтып патша бүгін маған «кел!» – деуін,
Байлап отыр маған бақыт белбеуін:
Патша бұйрық бергеннен соң бір енді,
Күнім туып, көзіме де нұр енді».
Әр білімнен патша сұрар сөзі еді,
Өгдүлміш те сөйлеп, тілді безеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет