Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет56/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
Жауап беріп, айтты Өгдүлміш: «Бірақ та, 
Патшам өзі жауап берді сұраққа.
Айтып ем ғой: бір туысым бар осы
Келер, келмес – беймәлім ол арасы.
3120. Келер – сөзді сыйласа о бір кемеңгер, 
Келмей қалса – сөздің құны төмендер.
Сонда налып қалмай ма екен, тақсырым, 
Мен айыпқа қалсам – болмас жақсы ырым?»
Деді патша: «Біздер келіп тілге енді, – 
Мен сұрадым, сен айттың ғой білгенді.
Келсе – келер, шақыр, егер болмаса, 
Айыбы не, ол тілімді алмаса.
Сен ол ерді жан-жағынан мақтадың, 
Содан енді іздеуге мен тоқтадым.
3125. Ес, білімін оның көпке баладың
Содан оны қызыға бір қаладым.
«Білімді, есті адам – кісі» – десек те, 
Онсыз адам болады мал есепті.
Істі білсе – ақыл-есті біліпті, 
Істі қылса – қылады есті, білікті.
Бір сөз бар-ды айтқан осы ой ыңғайын, 
Зер сал соған десең соны тыңдайын:
Білім шешер байлағанды шиелеп,
Білімді біл, ұқ ақылды жүйелеп.


264
3130. Жүзеге асыр көзін тауып білімді,
Тағы да үйрен босқа жатпай үйелеп!» 
Бар пайдасын мен көрем бе бір басым,
Саған да оңай ол кеп мұнда тұрғасын.
Өте керек ағайын-жұрт – жақсы адам,
Ол жоқ болса, дос табайық басқадан.
Игі сөзді бір бек айтып өтіпті:
Туысы бар кісі – күшті о тіпті.
Туысы бар – сый, құрметке батады,
Досы бардың шығар даңқ, атағы.
3135. Туысы жоқ – жүрсін жұртқа жуысып,
Жақсы достар кетеді ғой туысып!» 
Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Бақтиярым, шынымен,
Оны іздесе, таба алам ғой мұны мен.
Барам – патша жұмсар болса өзімді,
Шақырайын, түсіндіріп сөзімді.
Түмен түрлі әрлеп тілді безсйін,
Сөз терейін, ақыл-ойды кезейін.
Жазсын патша хатқа ойының барлығын, –
Ол зерек жан білсін патша жарлығын.
3140. Шақыруды сонда менен көрмес-ті,
Хатты оқыса, бұра тарта бермес-ті.
Мен айтқанмен жететін қып бір басқа,
Жарлық жөні, хаттың сөзі – бір басқа.


265
Ей, асыл тек, тыңда мынау ау-жайды: 
«Жай адамның көңлін жарлық аулайды!» 
Жақсы айтыпты бір білімдар, текті өзі: 
«Қам көңілді ашады ғой бек сөзі!» 
Бектер жылы сөйлесе егер құлдарға, 
Құл ұмытпас оны талай жылдарда!
3145. Бек сөзінің болса тәтті сөл-нәрі,
Сүйер оны үлкен, кіші – ел бәрі!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет