Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет6/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

БИСМИЛЛАҺИ-Р-РАХМАНИ-Р-РАХИМ!
1. Бір Құдайға түмен мыңдап толғана,
Мақтау айтам – өлмейтұғын сол ғана!
Ол жаратқан: көк аспан да, жер, күн де, 
Жан-жануар, мезгіл, түн, ай – еркінде.
Бар нәрсенің бәрі – соның жарлығы:
Ол «бол!» – деді, – бола қалды барлығы.
Барлық адам қайғы-мұңын шектейді,
Бір ғана Ием еш қайғы-мұң шекпейді.
5. Ей, Құдірет, мәңгі білмес мұң, Баят!* 
Бұйырмаған басқаларға мұндай ат!
Аса биік ұлылық та тән саған,
Сенен басқа тең келмейді жан саған.
Сен жалғызсың, дара тұрған өресің,
О баста сен болдың, бола бересің*.
Жалғыздығың жатпайды ешбір есепке,
Бәрін билер құдіретің десек те.
Жалғыз Құдай – жаратушы қолдапты,
Бір Құдайдан басқа Құдай болмапты.
10. Ішкі, тысқы сырды білген Құдайым,
Көзден – жырақ, көңілдесің ұдайы.
Барсың, рас, ай, күн сәуле шашқандай,
Дәл қандайсың? – Жетпейді ақыл ешқандай.
Жалғыз өзің қоспасы жоқ жаралған,
Барлық нәрсе бір өзіңнен таралған.


17
Бар нәрсені сен жарата аласың, – 
Бәрі де өтер, сен мәңгіге қаласың.
Бар жаралған нәрсеге ие – Жаратқан
Екі өмірді бір өзіне қаратқан
1
*.
15. Жоқ қой оның ұқсасы да, теңдесі, 
Табиғатын таппас адам пендесі.
Жатпай, жүрмей, ояу тұру – үрдісі, 
Танып алар жоқ қой оның түр-түсі.
Емес – алда, оң, сол, артта, қастыда,
Жоқ орыны жоғары не астыда.
Орыны жоқ – жаратты орын, тұрақ та, 
Ол бармайтын еш орын жоқ бірақ та.
Ей, сыралғы, білген жүрек, жан исін, 
Түгел түрін бар нәрсенің танисың.
20. Тірі жанды сансыз түмен өргіздің,
Тау, теңізді, жасап бәрін өр-құздың.
Көкке түмен жұлдыз безеп, күнде өріп, 
Қара түнді жарық қылдың күн беріп.
Тірі жандар ұшатын да жүретін,
Табар сенен ішіп-жеудің ретін.
Со ғарыш пен шыңырау түбі арасы – 
Ием, саған телміреміз, қарашы!
Бір Құдайға сеніп, оны мәлім ет,
Шексіз илан, иманыңды кәміл ет!

*Бұдан былай жұлдызша қойылған сөздерге берілетін түсініктер бәйттердің 
кезекті нөмірлері арқылы белгіленеді. 


18
25. Бар болмысын білейін деп тырыспа,
Сен бәріне, өзіңді ұста, дұрыста.
Оны «қандай?», «қай жерде?» деп іздеме, 
Сөзді созба, «қайда қалды із» – деме.
Мұңсыз Ием, мұңды құлың марқайсын, 
Кешір барлық жазығымның әрқайсысын.
Сыйынайын, сенде үмітім – сол үшін 
Тарыққанда беріп жүргей қол ұшын.
Көтер мені – Пайғамбарым жебесін, 
Қияметте қолтығымнан демесін.
30. Түмен мыңдап сәлемімді арнаймын
Төрт досына жеткіз соны әрдайым.
Көрсет берік қияметте жекелеп,
Ізгі сөзі медет берсін жетелеп.
Саған тең қып ешбір мақтау айта алман, 
Сен өзіңді өзің мақта, майталман!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет