Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет70/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Өгдүлміш пен Одғұрмыштың 
екінші рет әңгіме-дүкен кұрғанын айтады
Тілін безеп берді Өгдүлміш жауапты: 
«Ей, туысым, сөз тыңдасаң – сауап-ты!
Патша саған тілейді ғой жақсылық,
Өзіңе де соны тілер жақсы ұлық.
Сен қадірін ғибадаттың білесің, – 
Жақсы ма, әлде жаман ба онда үлесің?
Сен білесің мен айтқанның бәрін де,
Кент, ұлыста жақсылықтың барын да.
3885. Жаман емес, бағы өмірдің татымды,
Қона қалса, шығарады атыңды.
Боп тақуа, бәрін тәрк етерсің,
Сонымен де игілікке жетерсің.
Бұ дүние болмас «жаман» деген де, –
Жұрт та жесін өзің үлес жегенде.
Жақсы айтыпты сақылардың бас ері,*
Оны оқысаң, жақсы болар әсері:


325
«Мал-дүние игілікке бастайды,
Бар кеселді жұлып алып тастайды.
Адам ақыл, білім білер – барда мал,
Қолы жетер игілікке барда амал.
3890. Малы болса – бар арманнан өтер ер,
Көк аспанға өзін сонда көтерер.
Байлық керек – қажылықты тілесе,
Қадір-құрмет малмен келер ілесе.
Алыс-беріс жоқ қой, малың болмаса,
Сол байлайды игі іс қылар қолды аса!»
Неге ұмыттың мұндай ізгі ақылды,
Еске алмадың жөн сөз, кеңес, нақылды?
Бұ ғибадат қалай жұртты сендіред –
Жоқ-жітік боп табынған жүр тентіреп.
3895. Құл табынса, табыла ма Құдайы,
Ғибадаттың жолы нәзік ұдайы:
Талай жылдар неше мың жұрт табынып,
Ұмытты оны жан шығарда қабынып.
Табынуды білмеген жан мыңдаған,
Жан шығарда біліп, мойын сұнды оған.*
«Табыну» деп таны жанның бұл емін,
Соған Құдай сүйсінеді – білемін!
Жұрт әрқалай бір Құдайға сыйынды –
Бар шындығын танып-білу қиын-ды.
Жұрт әрқалай сыйынудан тынбаған,
Жөн болады мен айтқанды тыңдаған.


326
3900. Қара байқап сөздерімді пайым қып,
Солай ма екен? – бер жауабын қайым қып.
Солай болса, сөздеріме бас ұрғын,
Біліп алып, іс жүзіне асырғын.
Бас көңілді, менмен ойға болма құл,
Тыныш жүріп, жұртпен қатыс қолма-қол!»
Берді жауап Одғұрмыш та мұны айтып:
«Ішер асты у қылдың ғой мұңайтып.
Сен сөйледің, мен тыңдадым аңғарып,
Со патшаның ісін қылсам оңғарып.
3905. Оның үшін жол-жобаны сұрау бар,
Инін біліп сөзді сөзбен құрау бар.
Білсе отырып, кіріп, шығып тұруды,
Іс білмесе – азап оты құрулы.
Іс білетін қызыметші епті ғой, 
Сынап біліп, аздап былай депті ғой:
«Бек алдында іс істеуді тілесең
Тіл, көңілді, сөзіңді бақ іле сен. 
Үйреніп ап, қызыметке жарайсың, 
Білсең оның жөн-жүйесін, үлесін!»
3910. Оқшау жан ем жұрт ішінде өзім де, 
Әдет, тәртіп, құлқым бөтен, сөзім де.
Қалай бекке жұмыс қылам сабылып
Бұл есігің қалған маған жабылып.
Сен несіне мені күштеп ұстайсың, 
Патша алдында іс істеуге қыстайсың?»


327
Айтты Өгдүлміш: «Тыңда, тыныш тұр дағын,
Бұл сөзімді сен теріске бұрмағын.
Кешіреді патша, қылсаң айып бір, 
Қаласаң – қал, қаламасаң – тайып тұр!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет