351
Жол-жораны
көп білмейді әдепті,
Араласта білмейді жөн-әдетті.
Жай халықсыз болмайды іс те, ештеме,
Тілді түзе, теңдес болма, төстеме.
Бұ халықтың бар қылығы – жәй, ірі,
Сен қарайма, сақтан өзің тәйірі!
4220. Құлқы – бейбас,
қорғаншақтап қарайды,
Іс, амалы... – бәрі соған орай-ды.
Жеп, ішуді біледі елдің байғұсы,
Қу тамақтан басқа жоқ қой қайғысы.
Білетін ер қара халық парығын
Не
дейді екен, тыңдап алып әрі ұғын:
«Қайғы, қамы бұ халықтың – қарны үшін,
Қарны тойса қайтарғаны қармысын.
Талай халық құлқын қуып болды опат, –
Жер астында от ішінде орны шын!»
4225. Тілі шығар қарны тойса бұ халық,
Бейбас болар бек салмаса бұғалық.
Ей, ағайын,
бол халықтың басында
Беріп отыр ішіп, жейтін асын да!
Жылы сөйле, бергін нені қаласа,
Берген – алар, пайдалы іс қой ол аса.
Бақ тіліңді –
ойлағаның саз болар,
Көп сөйлеген сөздің мәні аз болар.
Тыңда, айтыпты тілін берік ұстаған,
Білімге бай, айтар сөзге ұста адам:
352
4230. «Айта берме сөздің бәрін – солай біл,
Ойлап сөйле, керек сөзді қалай біл.
Ақылды
ерді көргенім бар аз сөйлеп,
Соны «көп» – деп өкініп ед талай жыл!»
Әли әулеттерімен қалай араласу керектігін үйретеді
Әскер басы, бектен басқа тарқатар,
Қатынасар кісілер бар әр қатар.
Бірі олардың – пайғамбардың әулеті,
Кім құрметтеп сүйсе – тасар дәулеті.
Сүй
бұларды шын көңілден еріп бір,
Қыл жақсылық, әр нәрсені беріп тұр.
4235. Туыстары,
пайғамбардың мұқымы, –
Сол үшін сүй, Әлінің де тұқымын.
Айтып болмас бұлар сырын тілменен,
Кейде жаңсақ сөз айтады білмеген!
Достарыңызбен бөлісу: