Адам миының құрылысы және қызметі



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата26.03.2024
өлшемі114.16 Kb.
#496527
1   2   3
Ми

Сопақша ми – жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі
шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ
заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы – сұр
заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың
ұзындығы 2,5-3 см. Сопақша ИДы бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту,
жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында
тынысалу, қан тамырларын, аскорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға
қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.Сопақша ми арқылы жүзеге
асатын рефлекстер: 1) қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру, жас болу, көзді
жыпылықтату); 2) тамақ (ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездері); 3) жүрек пен
қантамырлар жұмысын реттеу; 4) өз-өзінен жұмыс істейтін тынысалу орталығы өкпе
жұмысын жақсартады; 5) есту ақпараттарын басқарады. Жұлын сияқты сопақша ми
қозуды жұлыннан мидың басқа бөлімдеріне өткізеді. Егер сопақша ми зақымданса,
тынысалу мен жүректің тоқтауынан адам тез өліп кетеді.
Артқы миға – мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен
сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы ИДы
байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. Ми көпірі арқылы төменірек
орналасқан бөлімдерден қозу келеді. Ми көпірінің өткізгіш доғасы алдыңғы мидың
үлкен ми 
6


сыңарларының қыртысын жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырады.
Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз
қуысының сілемейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды
қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар
(информация) ми көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен
шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да
орналасқан. Мишық – сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында
жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп
қатпарлы болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың
мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен
байланыстырады. Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді.
Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін
сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы,
тепе-теңдігі, сөзі бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет