Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева


Key words: literature, poetry N. Orazalina, psychology poetry, psychological parallelism



Pdf көрінісі
бет105/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   193
Key words: literature, poetry N. Orazalina, psychology poetry, psychological parallelism. 
______________________________________
 
 
Бүгінгі таңда əдебиеттануда поэзиядағы пси-
хологизм мəселесі – күрделі де, жүйелі зерттеу-
ді қажет ететін өзекті тақырыптардың бірі.
Поэзия əлемінде өзіндік өрнегі бар Нұрлан 
Оразалин қаламынан шыққан əр сөзге үңіле қара-
сақ, ақынның адам жан дүниесін суреттеудің, оны
Нұрлан Оразалин поэзиясындағы психологиялық параллелизм 


126
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
бар ерекшелігімен сезініп жырлаудың шебері 
екенін аңғарамыз.
Нұрлан Оразалиннің «Қара шал. Қара бақыр» 
өлеңіндегі мына шумақтарда:
Қайыршының қолында – қара бақыр, 
Жанарында – жазылмас жара жатыр. 
Жүрегінде... 
Кім білсін қандай майдан? 
Тану қиын... 
Кел-дағы қара да тұр. 
Көзбен көр де ішпен ұқ. Жақындама! 
Жəбірлеме! 
Қорлама! 
Тақымдама! 
Қарт майдангер – қайыршы мына отырған, 
Шөлмек пенен білетін атын ғана. 
Қайыршының қолында – қара бақыр, 
Жанарында мұң жатыр, дала жатыр; 
Өртенген жан өксігін баспақ болып, 
Іргедегі дүкенге бара жатыр... 
Тамыз... 
Алаң... 
Қара жұрт тарады ақыр, 
Кетті алыстап қара шал, қара бақыр. 
Шал кеткенмен, бейнесі кетер емес, 
Мұздай суық жанары санада тұр [1,56] деген 
жолдар бар. Осындағы «Жанарында – жазыл-
мас жара», «Жүрегінде майдан» деген тіркестерге 
келгенде, ерекше сезімге бөленесің. Өлеңде бұл 
тіркестер тек қана ұйқас үшін ғана берілмегені 
көзі қарақты, сезімі сергек оқырманға аян. Ақын 
бұл өлең жолдарында қаһарманының ішкі əле-
міне бойлап, адамды рухани азғындатқан тек 
қана жеке басындағы құлдырауы емес, заман, 
қоршаған ортасы екенін айтқысы келеді. Ақын-
ның кейіпкерінің сонша рухани құлдырағанына 
қарамастан, оның жанарынан игіліктерді аңға-
рып, көре алуы, адамды кіналаудан бұрын, мəсе-
ленің себебін іздеуге деген талпынысын байқа-
тады. Адамдардың мұндай келеңсіздікке ұшы-
рауына айналасы, жақындарының жан жылуы-
ның жетіспейтіндігін де айтқысы келіп, адам 
тағдырына абайлап қарауға шақырады. Ақын-
ның ол жан тебіренісі өлеңде былай өріледі: 
Көзбен көр де ішпен ұқ. Жақындама! 
Жəбірлеме! 
Қорлама! 
Тақымдама! 
Қарт майдангер – қайыршы мына отырған, 
Шөлмек пенен білетін атын ғана...[1, 56] 
Бұл өлеңдегі басты психологиялық құбылыс 
– адамдардың өміріне, іс-əрекетіне немқұрай-
дылық танытпау, сезім сергектігі, ізгілікке ұмты-
лыс, кінəлаудан гөрі көмек қолын созуға деген 
ниет, сенім мен үміт деуге болады. Сонымен 
қатар ақынның өз кейіпкерінің психологиялық 
күйін түйсініп, сезіміне ортақтасуы, өзгенің бей-
несіне енуі яғни эмпатияны басынан өткеруі 
болып отыр. 
Ақын енді бір жырларында: 
Көңілім бүгін менің ғарыштайын, 
Көгімнен жұлдыз жауды... 
Жарысты айым. 
Шарт кетіп, сына жаздап барып-барып, 
Бір сезім атып шықты барыстайын. 
Барыс – мұң, барыс – қайғы, барыс – арман, 
Бата алған фəни атты кəрі шалдан; 
Сөз – жебе ағып өтті көкті тіліп 
Махамбет, Абайлардан дəріс алған [2, 145] 
деген жолдарында психологиялық параллелизмді 
өзінің көңіл-күйін білдіру үшін немесе өмірде 
кездескен белгілі бір жайлардың мəнін түсін-
діру үшін пайдаланған. Жыр жолдарында көңіл 
күйін ғарыш, аспан көгіне теңесе, бұрқ етіп шық-
қан сезім күйін, эмоцияны аң патшасы барысқа 
теңеуі параллель ретінде алынған. Өлеңнің екінші 
шумағындағы теңеулер мен жыр шумағының 
құрылуы да осы тəрізді. Ақынның: 
«Бата алған фəни атты кəрі шалдан; 
Сөз – жебе ағып өтті көкті тіліп» – деген жол-
дары да психологиялық параллелизм негізінде 
жасалған.
Мəселен, ақынның: 
«Тіршілік – келсап... 
Сезімің – талқан... 
Жыр – келі...» 
Күн өткен сайын күн кешу, білем, күрделі 
[2, 158] деген жолдарында өмірді дəнді дақыл-
дарды түйетін, ұнтақтайтын қатты ағаштан жасал-
ған «келсапқа», яғни тигенін талқандайтын түй-
гіш ағашқа теңеуі, жырды мықты, əрі жарыл-
майтын «келіге», адамдардың бір-бірімен қаты-
нас жасау қажеттігінен туындайтын, біртіндеп 
дамып қалыптасып отыратын жан қуаты сезімді 
«талқанға» теңеуінде көркемдік қана емес, үлкен 
логикалық мəн, философиялық астар бар. Ақын 
əрбір теңеуде екі құбылысты салыстырып қана 
қоймайды, біреуіне тəн қасиетті екіншісіне тели 
отырып, оның мəні мен астарын ашып беруге 
жағдай жасайды.
Ақын жырларында табиғат пен өмірді салыс-
тыра қатар қойып суреттеу өте жиі кездеседі. 
Мысалы, 
Ж. Акимбаева 


127
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
«Түн қараңғы. Түндей көңіл қараңғы, 
Мұң-көк бөрі... 
Ашатындай араңды. 
Аспан толы мың-мың жұлдыз – мың аруақ», 
Бір жетім ой қаситындай жарамды» [2, 170] 
деген жолдарда адам жанының күйі табиғат құ-
былыстарымен астастырыла суреттелген. Өлең-
де адам жанын билеген көңілсіздік көзге түрт-
кісіз, меңіреу қараңғы түнге, ондай кезде адам-
ды билейтін мұң, көкке қарап үрген көк бөріге 
теңеліп, табиғат пен адам өмірі үйлесімділікте 
қарастырылып, психологиялық параллелизм 
сəтті көрініс берген.
«Құралайдың салқыны – өр үстінде,
Құралайдың салқыны – жер үстінде, 
Құралайдың салқыны – ой-санада, 
Құралайдың салқыны – төр үстінде» [2, 209]
деген өлең жолдарында ақын табиғат құбылы-
сын суреттей келіп, қоғамдағы келеңсіз жай-
ларды мамыр айының аяғына қарай болатын 
қатты суық күндердің бірі «Құралайдың салқы-
нымен» салыстыра сипаттауы шеберліктің шыңы 
десе де болады.
Қорыта келгенде, Н. Оразалин психологизмі 
– баяндау ауқымы кең, сезімтал, сырлы, адам-
ның ішкі дүниесіне тереңдей еніп, тебірене тол-
ғаған, лирикалық сипатты мол психологизм. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет