Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет65/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   193
Антонимдік аударма (шендестіре аудару) – 
бұл түпнұсқадағы болымды форманың аудар-
мада болымсыз формаға ауысуы немесе кері-
сінше болымдының болымсызға өтуі, БТ лекси-
калық бірлігінің қарама-қарсы мағынасындағы 
АТ бірліктеріне ауысуы арқылы көрінетін лек-
сика-грамматикалық трансформация: 
Nothing changed in my home town. – Менің 
туған қаламда барлығы сол қалпында. 
Ағылшын-орыс аудармаларында бұл транс-
формация ерекше жиі қолданылады. Мысалы: 
She is not unworthy of your attention. – Ол 
толығымен сіздің назарыңызды иеленуге еңбегі 
сіңді. 
Антонимдік аударманың қолданылуы басқа 
трансформациялардың (лексикалық жəне грам-
матикалық) қолданылуымен сай келеді: 
The people are not slow in learning the truth. –
Адамдар шындықты тез біледі. (антонимдік 
аударма сөйлем мүшелері арқылы ауысады – 
сын есімнің үстеуге). 
Экспликация немесе бейнелеу аудармасы – 
бұл БТ лексикалық бірлігінің оның мағынасын 
экспликациялайтын тіркеспен ауысатын, яғни 
осы мағынаның АТ көп не аз мөлшерде толық 
түсініктеме немесе анықтама беретін лексика-
грамматикалық трансформация. Экспликация-
ның көмегі арқылы түпнұсқадағы əрбір экви-
валентсіз сөздерге мағына беруге болады: whistle-
stop speech – үміткердің сайлау алдындағы аги-
тациялық сапарына енердегі кіріспе сөзі жəне т.б.
Компенсация (орнын толтыру, өтеу) – бұл 
түпнұсқада БТ бірліктерін аудару кезінде жо-
ғалтқан мағына элементтерінің, аударма мəті-
нінде қандай да бір басқа əдіс арқылы берілетін 
аударманың тəсілі. Сонымен, жоғалған ой то-
лықтырылады («қалпына келтіріледі») жəне бү-
тіндей түпнұсқа мазмұны толықтырылып қайта 
жаңғырады. Осыған орай түпнұсқаның грамма-
тикалық тəсілдері лексикалық тəсілдермен жəне 
керісінше ауысады.
Қорыта айтқанда бұлай бөлудің шартты 
екенін тағы да ескерте кетеміз. Жалпы аударма-
ның нəтижелі болуы аудармашының аялық 
біліміне, контексті түйсінуі мен шығармашы-
лық талантына байланысты екені даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет