ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№3, 2020
198
негізіне, түркі халықтарының мінез-құлық,
ой-сезімдерін, сергіту идеясы мен парасатты
адам (инани фазыл) туралы танымы
жатады. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды
қала тұрғындарының көзқарастары» атты
философиялық трактатында «Қайрат»,
«Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға
түсінік бере келіп: «Жүрек – басты мүше,
мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі
билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да
басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші
емес» [3], – дейді.
Әл-Фараби
түркі
әлемінде
өз
философиясының негізі жүрекке баса мән
беруі, Абай негізін қалаған «толық адам»
ілімінің түп төркінін білдіретін құнды
дерек көздеріне жатады. Әл-Фарабидің осы
философиялық тұжырымы Абайдың «Он
жетінші» қара сөзінде логикалық жалғасын
тапқан. Ғақлияшы осы сөзінде «Қайрат»,
«Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін
мықты санап, айтысып, таласып, соңында
«ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда ғылым бұл
үшеуінің сөзін тыңдай келе: – Сен үшеуіңнің
басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. Бірақ
билеуші, әмірші жүрек болса жарайды.
Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп
қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқанына
жаны – діні құмар болады. Көнбек түгіл
қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді.
Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.
Қайрат,
сенің қаруың көп, күшің мол,
сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске
күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды
босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін
жүрекке билет, – депті. Осы үшеуің бір
кісідей менің айтқанымдай табыссаңдар,
табанының топырағы көзге сүртерлік
қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен
«Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда,
қалпыңды сақта, құдай тағала қалпыңа
әрдайым қарайды» – деген қорытындыға
келеді[4].
Мұнда
қазіргі
таңда
психология
ғылымының қарқынды зерттеу нысанына
айналып отырған «эмоционалды интеллект»
феноменін байқай аламыз. Осы мәселені
анағұрлым
терең зерттеген ғалымдардың
бірі Г.Доулманның пікірінше: «эмоциялық
интеллект – тұлғаға өзін-өзі сезінуге,
түрткілендіруге, көңіл-күйін басқаруға,
импульстік
көріністерді
бақылауға,
фрустрациядан бекіну, күнделікті өмірде
табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін
факторлар жиынтығы[5].
Яғни психологиялық процестердің бірі –
ерік-жігермен астарлас болған «қайратты»,
сол секілді ой-қиялмен мағыналас болған
«ақылды» адам бойындағы эмоцияның
қайнар көзі болған «жүрекке» басқартқанда
адамның ішкі әлемімен қоса тұлға аралық
әрекеттесуінде де үйлесімділік орнайтынын
заманынан оза туған ойшыл ақын болжай
білген.
Достарыңызбен бөлісу: