ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№3, 2020
202
«адам баласы я талапты, я талапсыз болсын,
әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны
болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма,
«бәрекелді» деушіні көңіл іздеп тұрады» деп
адам баласының әлсіз тұсын баса көрсетеді.
Бұл қара сөзінде Абай қазақ халқының бойына
сіңген даңдайлық, мақтаншақтық,
мақтан
сүйгіштік сезімі адами құндылықтардың
ең төменгі дәрежесі, ол адамды толық адам
сипатына әкелмейтіндігі айтылған.
Расымен-ақ, Абай шығармаларынан
адам бойынан тұлғалық келбеттің сан түрлі
үлгілерін, байқаймыз. Олай дейтініміз, ақын
өз заманы, қоршаған ортасы арқылы адам
болудың, адамша өмір сүрудің жолдары
мен бағытын көрсетеді. Әр өлеңінде адами
болмыстың сыры, әр қырынан танылады. Ол
адамдықтың басты қасиеті – адамгершілік
екенін
жиі айтады, оның дүниетанымында
ізгілік, парасаттылық мәселесi негiзгi
орынды алады. Абай – адамның өзiн-өзi
танып бiлуiн, ашылып түсiнуiн, өмiрдегi
орны мен деңгейiн дұрыс бағалайтын,
әрекет-қимылдарын
сын
тұрғысынан
саралай алатын қабiлетiн адамгершiлiктiң
түпнұсқасына балайды.
Оған дәлел ретінде «Жігіттер, ойын
арзан, күлкі қымбат»
өлеңін келтіруге
болады. «Интернатта оқып жүр» деген
өлеңінде ақын қазақ жастарының жоғары
шенге ұмтылатынын, жан байыту қаперіне
кірмейтінін ашына сынайды. Ақын тілегі
бүгінгі жас сараңдықтан, дүние қоңыздықтан
сақтанып, білім теріп өз еліне адал көңілмен
қызмет етсе, деген арманынмен ұштасады.
Түп нұсқасында, адам мінезінің жақсыға
да жаманға да тез үйренетінін ақын ерекше
ескерте келе,
адам бойындағы сапалық
қасиеттердің ең биігінде тұратын – ар мен
намыс, деп баға береді. Осы ойды негіздей
келе Абай өзінің отыз сегізінші қара сөзінде
«Мал, мақтан, ғиззат-құрмет адамды өзі
іздеп тапса, адамдықты бұзбайды һәм көрік
болады. Егер де адам өзі оларға табынып
іздесе, тапса да таппаса да адамдығы
жоғалады». Расында, осы сөздерді байқап,
терең саралай білген адамға мұнда өте үлкен
өмірлік өнеге бар.
Абай
шығармаларынан
әр
түрлі
адамдардың психологиялық бейнелерін, сан
алуан мінез-құлық қасиеттерін кездестіруге
болады.
Кей жігіт мақтан үшін
қылық қылмай,
Бойына майдалықпен сыр сақтаған,
Кей жігіт арсыздықпен ұятсынбай
Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған... – деп
ер жігіттің нашар сипаттарын әшкерелесе,
келесі бір өлең жолдарында:
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Таразы да, қазы да өз бойында,
Наданның сүйенгені көп пен дүрмек, –
деп ақылды адамның артықшылығына назар
аудартады. Солай болмаққа ұмтылтады.
Тіпті халық
арасында жігіт адамға жар
таңдауда ақыл мен пайым-парасаттың адам
бойындағы ерекше қымбат қасиет екенін
ескертеді.
Ақын сол дәуірдің өзінде адам мінезінің
қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты
екенін ашып жазады. Өзінің отыз жетінші
қара сөзінде: «Егер мен қолында заң қуаты
бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды
деген кісінің тілін кесер едім»,-деп нық
сеніммен айтады.
Абайдың
философиялық-психологиялық
«толық адам» концепциясының негізі,
отыз сегізінші ғақлиясында күллі адам
баласын қор қылатын үш нәрсені сипаттап,
одан қашпақ керектігін айтады: «әуелі –
надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші
– залымдық. Мұндағы надандық – білім
ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір
нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік
хайуандық болады. Еріншектік – күллі
дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық,
жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі
осыдан шығады. Ал Залымдық – адам
баласының қас дұшпаны.
Адам баласына
дұшпан болса, адамнан бөлінеді, жыртқыш
хайуан қисабына қосылады»- дейді[12].
Достарыңызбен бөлісу: