Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет34/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   138
Сабақ №1: кіріспе сабақ 
Мақсаттары: қатысушылардың танысуы, топта достық және белсенді 
атмосфера құру. 
Материалдар мен жабдық: топта жұмыс істеу қағидалары жазылған 
ватман, «Бинго» формулярлары, «Тілші марафоны» карточкалары, доп. 
Сабақтың барысы: 
1. 
Кіріспе бөлім 
Жүргізуші мен оқушылар топта жұмыс істеудің негізгі қағидаларын 
қалыптастырады: 
-
Құпиялылық. Нақты қатысушыларға қатысты топта айтылған барлық 
нәрсе үшінші тұлғалардың игілігіне айналмауы тиіс.
-
Топқа ерікті қатысу принципі. Топ мүшелері өзінің шешімі туралы 
жетекші мен барлық қатысушыларға алдын ала хабарлай отырып, қандай да бір 
жаттығуларға қатыспауы (жүргізуші оларды топ тарапынан болатын ықтимал 
қысымнан қорғауы тиіс) мүмкін. 
-
Мейірімді, ашық атмосфера. Қатысушылардың бір-біріне қатысты 
агрессивті әрекеттері мен сөздеріне жол берілмейді. Топ мүшелері өз сезімдері 


88 
туралы айта алады, бірақ басқалардың мінез-құлқы мен пікірлеріне баға 
бермеуі тиіс. 
Қосымша топ өз ережелерін толықтыра алады. Ол үшін «миға 
шабуыл»әдісі қолданылады. Мыналарды:
а) жұмыс ережелерін символдар мен белгілерді пайдалана отырып, 
суреттерде сызбалық түрде баяндауды; 
б) топтық жұмыс ережелерін өлең түрінде немесе
в) алдын ала жазылған дайындамада ережелерді қалай түсінетінін 
көрсетуді ұсынуға болады. 
«Бинго» ойыны. 
Ойыншылар формулярлар алады. Әрбір ойыншы сипаттамалардың біріне 
сәйкес келетін қатысушыны табады және оның қолын қажетті торға қоюды 
сұрайды. Көлденең, тігінен немесе диагоналі бойынша бес түрлі қолтаңба 
жинаған біріншісі: «Бинго!» деп айқай салу керек. Егер топ үлкен болса, онда 
ойынның жалғыз ережесі былай болады: «ойыншылар өз қолын бір формулярға 
бір реттен артық қоймауы керек». Екінші кезеңде ақпарат жүйеленеді және 
топтың «паспорты» немесе әрбір қатысушының портреті жасалады. Кейбір топ 
мүшелерінің сипаттамасын оқуға болады, ал қалған қатысушылар кім туралы 
әңгіме болып отырғанын табуға тырыссын. 
«Бинго» сұрақ парағы
Кімнің көздері 
көгілдір? 
Кім тағамды 
дәмді 
дайындайды 
Кім күн сайын 
газет оқиды? 
Кім балмұздақ 
жақсы көреді? 
Кім табиғатта 
демалысын 
табиғатта өткізгенді 
жақсы көреді? 
Кімнің үйінде 
иті бар? 
Теледидар 
қарағаннан гөрі 
кітап оқығанды 
ұнататын кім? 
Кімнің аға(іні)-
әпке(сіңлі)лері 
бар? 
Кім ән салғанды 
ұнатады? 
Кім
мультфильмдер 
қарағанды 
ұнатады? 
Кімнің мысығы 
бар? 
Кім музыкалық 
аспапта ойнай 
алады? 
Кім сиыр сауа 
алады? 
Кім би 
билегенді 
ұнатады? 
Кім қыста туған? Кім Қара теңізде 
шомылды? 
Сұрақтар әртүрлі бола береді, бірақ жаттығуға бөлінген уақытқа 
байланысты олардың саны шектеулі болуы мүмкін. 
2. 
Негізгі бөлім 
«Тілші марафоны» ойыны. 
Жаттығуға қатысушыларға мынадай тақырыптар ұсынылады: сүйікті түс, 
музыка, спорт, кинофильмдер жанры, сүйікті жануарлар, өсімдіктер, арман, 
болашақ мамандық, жағымды адами қасиеттер, жағымсыз адами қасиеттер, 
хобби және т.б. Тақырыптарды жүргізуші алдын ала дайындай алады немесе 


89 
талқылау барысында топ ұсынуы да мүмкін. 
Әр қатысушыға біраз уақыт тілші болу және ойынның барлық 
қатысушыларынан қандай да бір тақырыпқа сұхбат алу ұсынылады. Ол үшін 
әркімге өзіне арнап тақырып таңдау ұсынылады. 
Топ мүшелері таңдалған тақырыпты өз карточкасына «Менің 
тақырыбым» жолына жазады, содан кейін әр қатысушыға жақындайды, 
тақырып бойынша сұрақ қояды, жауапты бланкіге жазады. 
Бланкінің үлгісі 
Менің тақырыбым: 
Қатысушылардың есімдері: 
Сұраққа жауап: 
1.………………
2………………. және т.б. 
Екінші кезеңде қатысушылар шеңберге отырғызылады және бір мезгілде 
топтың нақты мүшесі туралы мәліметтерді арнайы карточкаға жазып, алған 
сауалнамаларды сағат тілі бойынша бере бастайды. Нәтижесінде әр 
қатысушының портреті шығады. 
Карточканың үлгі жобасы 
Қатысушының есімі 
Тақырыптардың тізімі (1-ші кезеңнің тақырыптары санамаланады) 
1. 
Сүйікті түсі 
2. 
Музыка 
3. 
Спорт және т.б.. 
Бір қарағанда ‒ таза механикалық жұмыс, бірақ әрбір қатысушымен 
толығырақ танысу. 
Үшінші кезеңде топ мүшелерінің қысқаша сипаттамалары оқылады, ал 
қатысушылар кім туралы айтылып жатқанын табады. 
3. Бекіту, қорытынды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет