33
ұқсас (сурет 2.7, о), бүйір жақты қылаулар ажарлау станоктарындағы
соғылмаларды штамптауға болады. [18]
Ажырамалы матрицасы бар жабық штамптар (сурет 2.7, п)
гидравликалық престерге тән сипаты болып табылады.
Технологиялық процестерді дайындау кезінде келесіні білген жөн:
1) әрекеттер саны минималды болу керек;
2) дайындамада қуысты қобылау үшін металды жан-жаққа кеңейтумен
жасау;
3) ұзындығы мен қалыңдығын кейінгі тарта
жонудың талап етілетін
өлшемдеріне дейін жеткізумен, биіктігі кіші және қабырғалары қалың
дайындамаларды алу үшін қобылауды қолдану;
4) қобыланған дайындамаларды екі немесе
одан да көп сақиналар
арқылы тарта жону;
5) терең қобылау үшін бұрыштары дөңгелектелген қимасы шаршы
дайындамаларды қолдану;
6) дайындамаларды қобылау және тарта жону кезінде шеттерінің тегіс
емес
әдібін ескеру;
7) қыздырылған дайындаманы қабыршықтан мұқият тазарту.
Пневматикалық және гидравликалық жүйелер бағдарлама арқылы
жұмыс істей алады. Күрделі технологиялық процестер пневматика мен
гидравликаны
қолданумен, қарапайым автоматтандыру құралдарымен
қамтамасыз етіледі.
2.4. Гидравликалық және пневматикалық жүйелерді жинақтау
Гидроқұрылғыларды жасау және пайдалану кезінде олардың ішкі
қуыстарының тазалығын қамтамасыз ету
мақсатында гидрожетектерге
ерекше құрылымдық талаптар қойылады.
Ережеге сай сызбаларды тандау кезінде жұмыс ортасының ластануына
аз сезімтал элементтермен құрылғыларды тандау керек.
Гидрожетектің құрылымы жұмыс сұйықтықтың тазалығын бақылауға
арналған герметикалық сынамаларын алу үшін клапан таратқыштармен
жабдықталуы керек және гидрожетектердің
құрылымдық құжаттарында
сынама алу орны көрсетіледі.
Гидрожетектері құрастыру кезеңінде оның негізгі бөліктерінің
орналасуы бөлшектері мен құрастыру бірліктерін жуу ыңғайлы болуы керек.
Олардың бөлшек беттерінің пішіні қарапайым болса, оларда ластаушы заттар
жиналып, жууды қиындататын ойықтар мен жыралар болмауы тиіс.
Бөлшектердің беткі кедір-бұдырлығы 20 мкм аспауы керек.
Бөлшектерде қылауларды алып тастап, өткір жиектерді мұқалту керек.
Пайдалану процесінде жұмыс сұйықтығымен байланыста болатын құрастыру
бірліктерінің дәнекерленген беттерінде тоттың пайда болуын алдын алу
мақсатында қақтарды болдырмау керек.