қобыланған дайындамаларды тарта жону. 1) Вертикальді престе қозғалмайтын сақина арқылы тарта жону (сурет
2.7, в).1 қобылданған дайындама 2 қозғалатын пуансонмен бірінші сақинаға
орнатылып, сол арқылы және екінші сақина арқылы, кейбірде үшінші сақина
арқылы тарта жонылады; кері жүрісте штампталған соғылма 3 түсіргіш
арқылы пуансоннан түсіріледі.
2) Вертикальді престе 1 қозғалмайтын пуансонда және 2 қозғалатын
сақинада тарта жону сурет 2.7, г). Бірінші сақинаға орнатылған қобыланған
дайындама тартылады және сурет 2.7, в көрсетілгендей пуансоннан
түсіріледі.
3) Горизонтальді престе 1 қозғалмайтын сақина арқылы 2 қозғалатын
пуансонмен тарта жону (сурет 2.7, д). Пуансонға кигізілген қобыланған
дайындама бірінші, екінші және үшінші сақиналар арқылы тарта жонылады.
Престің көлденеңдісі кері жүрісте түсіргіш арқылы пуансоннан түсіріледі.
4) Алдын ала басқа престе қобылданған екі дайындама бір уақытта екі
пуансонмен тарта жонылады (сурет 2.7, е).
Аралас штамптау: 1) Бір уақытта немесе кезекпе бір штампта екі жүрісте тарта жону және
қобылдау (сурет 2.7, ж);
2) Бір штампта орташа пуансонмен қобылау және кезекпен 2 және 3 оң
және сол пуансондармен тарта жону (сурет 2.7, з);
3) Екі матрицадан (1 – шөктіру үшін және 2 – қобылдау үшін), 3
тартқыш сақиналар жинағы және үш пуансоннан (4 және 5 – қобылау үшін
және 6 – тарту үшін) тұратын үш позициялық штампта (сурет 2.6, и) қуыс
соғылма алу үшін (кезекпе және бір уақытта) шөктіру, қобылау және тарта
жону.
4) Бір рет орнатып және бір рет жүріп, бір пуансонмен дайындаманы
қобылау және тарта жону. 3 сынаға тірелген 2 тығынмен түбі жабылған 1
матрицада қобылау орындалады
(сурет 2.7, к), қобылау орындалғанан кейін
матрицаның жанынан сынамалап алынады да, матрицаның төменгі жағынан
дайындама тарта жонылады, біріншіден тығын алынады, содан кейін тарта
жонылған дайындама жанындағы ойықтан түсіріледі.
5) қысқыш сақинамен шөктіру және қобылау (сурет 2.7, л);
6) үстеме құралмен фланец құрылғаннан кейін қобылау арқылы
фланцасы бар қуыс соғылма алу (сурет 2.7, м).