117
Глоссарий
Қайталап реттеу
–
жоспарлап жөндеуден кейін немесе пайдалану
процесінде қалыпты жұмыстың қандай да бір бұзылуынан кейін қайта
қалпына келтіріп реттеу.
Тозу – ұзындығы, көлемі, салмағы және т.б.
белгіленген бірліктерде
анықталатын тозу нәтижесі.
Кавитация
–
Сұйықта қуыстар (көпіршіктер немесе қуыстар) пайда
болуы мүмкін, шумен және гидравликалық соққылармен қоса жүретін
сұйықтық ағымында көпіршіктердің болуы және кейіннен сіңіру процесі.
Күрделі жөндеу – агрегатты толық бөлшектеумен жүргізілетін, көлемі
бойынша ең үлкен жоспарлы жөндеу.
Сұлба картасы – технологиялық процесті, операцияларды немесе
ауысуды орындау үшін
қажетті сұлбалар, сызбалар мен кестелері бар
карталар.
Бөлшектер жиынтығы – жинақтау бірлігінің құрамына кіретін
бөлшектер жиынтығын іріктеу және нығыздау.
Бақылап реттеу – станокты тұрақты
пайдалануға беру алдындағы
процесс.
Кішігірім жөндеу – жеке тораптардың жұмысқа жарамдылығын
қалпына келтірілетін жөндеу түрі.
Реттеу – станокты жұмысқа дайындайтын, кинематикалық тізбектерді
реттеп, кейін тексеру арқылы бекіткіш аспаптар мен құралдарды орнататын
іс-шаралар кешені және т.б.
Түзетіп реттеу
–
станок параметрлерін реттеу рәсімі, оның
жұмысындағы белгілі бір өзгерістерге байланысты
уақыт өте келе ол
бұзылуы мүмкін, сондықтан реттеп күтімін орындайтын процедура.
Жинақтау операциялық картасы – әр жинақтау операцияларды жан-
жақты бөліп көшіріп, сериялық және жаппай өндірісте жинаудың
операциялық картасын құрастырып сипаттайтын құжат.
Аралау – қосылған беттерді бір біріне нығыздау арқылы кедір-
бұдырлықты және қиықтарын алып тастау.
Жоспарлы-ескертіп жөндеу – әрбір агрегат, станок немесе машинаны
күнделікті күтумен қатар, белгілі бір уақыт аралығында жоспарлап алдын алу
тексерулердің әртүрлі түрлеріне жататын жүйенің
маңызды жөнделу
жұмыстары.
Жалтырату – бөлшектер бетін тазалап жоғары дәрежеде алуда
коррозияға қарсы төзімділік пен бөлшектердің шаршау беріктілігі өседі.
Шаберлеу – жабдықтардың бағыттауышын, станоктарды және
подшипниктер
мен төлкелерді, жазық ажыратылған бөлшектердің бетін
нығыздау үшін егеуішпен, кескішпен немесе басқа кескіш құралмен
алғашқы өңдеуден кейін жетілдіру және т.б.
Қосып реттеу жұмыстары – тетіктердің, тораптардың, агрегаттар
мен құбырлардың барлық түрлерін,
электртехникалық, санитарлық-
техникалық және басқа да құрылғылар мен автоматтандыру жүйелерін
118
қамтитын жабдықтың технологиялық жүйесін жеке сынақтан өткізуді және
кешенді сынақтан өткізуге дайындау мен жүргізу кезеңінде орындалатын
жұмыстар кешені.
Жарамдылық – нормативті техникалық
құжаттарда параметрлеріне
байланысты көрсетілген қызметтік жұмысының орындалу қабылеттілігі
(стандарттар, техникалық шарттар, техникалық паспорты).
Достарыңызбен бөлісу: