Мінездеме жеке оқушыға



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата02.04.2024
өлшемі180.68 Kb.
#497359
1   2   3
мінездеме 1402-12-10 Уксикбаева Аружан

 
 
 
 
 
 


Сынып ұжымына педагогикалық – психологиялық 
мінездеме 
Мемлекеттік Жалпы білім беретін № 131 қазақ тілді орта мектебінің 9 «а» 
сыныбы. Сыныпта 29 оқушы бар. Оның ішінде 14 ұл бала, 15 қыз бала. 
Сынып жетекшісі Ахмадиева Алтынай Маратқызы. 
Сыныпта басқа мектептен, басқа сыныптан ауысып келген, келгеніне екі 
ай да болмаған оқушылар бар. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық 
жағынан жеткілікті қамтылған. 
Сынып негізінен гуманитарлы пәндерді тереңдетіп оқиды және 
эстетикалық тәрбиеге бағытталған.Сыныптың осылай жан-жақтан 
жиналғандығына қарамастан, сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен 
жақсы араласады.Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Жақсы 
оқитын балалар саны – 5, орташа оқитын балалар саны – 17, қалғандары 
қанағаттанарлықтай. Сынып математика жағынан көп қиналады, ал 
ауызша сабақтарға келгенде (биология, география, тарих, әдебиет) 
алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады.Үйірмелерге 
қатысу жағынан қыздар осал. Тек екі қыз ғана домбыра мен биге 
қатысады. Ал ұлдар спорттық үйірмелердің барлығына қатысады. Ат 
спортына 2 ұл, қол күреске 1 ұл, волейболға 6 ұл, дзюдоға 5 ұл қатысады. 
Оның ішінде мектептік, қалалық олимпиадаларға қатысып орын алып 
жүрген ұлдар да бар.Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің 
көмегімен көбінесе сынып әкімі мен тәрбие секторы ұйымдастырады. 
Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп 
беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының 
бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.Сынып іші топ-
топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман 
қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы 
араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Бірінші 
сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар де бар. 
Ұлдардан: Абылайхан, Әли, Ернар. Қыздардағы айырылмас жұп: Жанна 
мен Жансая. Сыныптадосұл мен қыз да бар. Олар: Даринамен Құралай. 
Олар үнемі бірге отырады, бірге жүреді, бір-бірін қатты сыйлайды. 
Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынасы жақсы. 
Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп 
отырады.Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, театрға саябаққа барады. 
Кейде сынып жетекшісімен бірге бүкіл сынып болып қыдырады, кейде 
өздері ұйымдасып барады. Мысалы, 8 мамыр күні ұлдар мерекесіне 
байланысты сынып жетекшілерімен бірге көкке шықты. Сынып ішінде 
демалу орнына барғысы келмей сыныпты артқатартатын оқушылар да бар. 
Сынып оқушылары сабақ жағына мықты болмаса да, сыныптан тыс 
жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет