Павлодар қаласының Малайсары батыр атындағы мектептің



Дата09.11.2023
өлшемі14.89 Kb.
#482840
Мінездеме 9А


Павлодар қаласының
Малайсары батыр атындағы мектептің
9«А» сыныбына

Мінездеме


Павлодар қаласының Малайсары Батыр атындағы жалпы орта білім беру мектебіндегі 9 «А» сыныбында 24 оқушы бар. Оның ішінде 14 ұл бала, 10 қыз бала. Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Жақсы оқитын балалар саны – 4, орташа оқитын балалар саны –15, қалғандары қанағаттанарлықтай. Сынып математика жағынан аса қиналмайды, олар алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып тапсырмаларды орындайды. Үйірмелерге қатысу жағынан бәрі де жаман емес. Үш қыз ән мен екі қыз биге қатысады. Ал ұлдар спорттық үйірмелердің барлығына қатысады. Баскетболға 3 ұл, дзюдоға 3 ұл, футболға 4 ұл қатысады. Оның ішінде мектептік, қалалық олимпиадаларға қатысып орын алып жүрген ұлдар да бар. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі. Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Ұжымда өз шапшаңдылығымен ерекшеленетін оқушылар да бар. Ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады. Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, боулинг, қыс мезгілінде коньки тебуге барады. Кейде сынып жетекшісімен бірге бүкіл сынып болып қыдырады, кейде өздері ұйымдасып барады. Сынып ішінде демалу орнына барғысы келмей сыныпты артқа тартатын оқушылар да бар. Сынып оқушылары сабақ жағына мықты болмаса да, сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады.


Сынып жетекшісі: Зилкенова Ж.М.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет