Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет26/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Бақылау сұрақтары: 
1. 
Компьютердің аппараттық құралдарымен өзара əрекеттесу дəрежесі бойынша 
бағдарламалық қамтамасыздандыру түрлерін атаңыз.
2. 
Жалпы 
тағайындалған 
қолданбалы 
бағдарламалық 
қамтамасыздандыру 
сипаттамасын беріңіз.
3. Бағдарламалық жасақтама деген не? 
4. ОЖ-нің функциясы қандай? 
Əдебиеттер: 
1. Т.Б. Нурпеисов, И.Н. Кайдаш “Қазіргі сандық əлемдегі информатика”, Оқу құралы, 
412 бб Алматы 2021ж. 
2. D.Shynybekov, R.Uskenbayeva., V.Serbin, N.Duzbayev, A.Moldagulova, K.Duysebekova, 
R.Satybaldieva, G.Hasanova, B.Urmashev “Information and communication technologies”, 
Textbook in 2 parts Part 1, Almaty, IITU, Pages: 643, 2017 . 
3. Джусупбекова Г.Т., Бесбаев Г.А., Ахметова С.Т., Рахымбек Н.Ж., Турганбекова М.М., 
Белесова Д.Т. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» оқулық, М. Əуезов 
атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 176б, 2020 
4. 
Шевчук 
Е.В., 
Шпак 
А.В., 
Кольева 
Н. 
С. 
ИНФОРМАЦИОННЫЕ 
КОММУНИКАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ учебно-методическое пособие. Алматы: 
Эверо, 2020.- 108 с. https://elib.kz/ru/search/read_book/1729/ 
5. June J. Parsons and Dan Oja, New Perspectives on Computer Concepts 16th Edition – 
Comprehensive, Thomson Course Technology, a division of Thomson Learning, Inc 
Cambridge, MA, COPYRIGHT © 2014. 
6. Lorenzo Cantoni (University of Lugano, Switzerland) James A. Danowski (University of 
Illinois at Chicago, IL, USA) Communication and Technology, 576 
pages,NurpeisovaT.Kaidash ICT,Almaty,Bastay2017 


26 
Дəріс №7. Адам мен компьютердің өзара əрекеттестігі. 
Мақсаты: Студенттерді пайдаланушы интерфейс түрлерімен таныстыру. 
Жоспары: 
• Адам - компьютер өзара əрекеттестігінің құралы ретіндегі пайдаланушы интерфейсі. 
Интерфейстердің юзабилитиі. 
• Интерфейстер түрлері: командалық жолдың интерфейсі, мəтіндік интерфейс
графикалық интерфейс. 
Компьютерлік жүйелер тіпті ақпараттық технологиялар саласындағы маман болмаған 
адам үшін де қарапайым жəне түсінікті болады. Бұл қолданушы мен бағдарламалық 
қамтамасыздандыру операциялық жүйенің көмегімен компьютермен өзара əрекеттесуі
мүмкін болғандықтан жүзеге асты. Ож қолданушылар мен қосымшалар үшін интерфейстерді 
қамтамасыз етеді.
Интерфейс – сөздің ең кең мағынасында – объектілер арасындағы өзара əрекеттесу 
тəсілі (стандарты). Техникалық мағынада интерфейс объектілердің өзара əрекеттесуінің 
параметрлерін, процедураларын жəне сипаттамаларын анықтайды.
Интерфейстің келесі түрлері бар: қолданушы интерфейсі, бағдарламалау интерфейсі 
(бағдарламалар арасындағы өзара əрекеттесу əдістерінің жиыны) жəне физикалық 
интерфейс (физикалық құрылғылардың өзара əрекеттесуі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет