8
мүддесінен тұратын мақсатты түрдегі іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде
анықтайды. Ю.К.Бабанский
білім беруді оқушылардың ғылыми білім
жүйесін, таным білігі мен дағдыларын меңгеру процесі мен оның
нәтижесі, соның негізінде дүниеге көзқарас, тұлғаның адамгершілік
және басқа да
сапаларын қалыптастыру, шығармашылық қуаты мен
қабілетін дамыту деп түсінеді.
Бұл мектепке дейінгі педагогика үшін жетекші ұғымдардың
анықтамаларының аз ғана бөлігі. Әрбір педагог іргелі кәсіби санат-
тарды талдай келе, оның мазмұнын анықтайды
және қандай да бір
автордың көзқарасын бөлісуге хақысы бар.
Мектепке дейінгі педагогика сөздігінде философия үшін жетекші
болатын көптеген басқа ұғымдарды (заңдылық, мәнділік, прин-
цип, субъект және т.б.), психология үшін (даму, жеке тұлға, психи-
ка, эмоционалдық ахуал, ойлау және т.б.), тәнтану үшін (ми, қаңқа,
бұлшық ет тонусы, физиологиялық ерекшеліктер және т.б.) және т.с.с
түсіндіреді. Мектепке
дейінгі педагогика адамды, қоғамды барлық
қырынан зерттейтін ғылымдардың тілін пайдаланады. Оның тілі
бай, жан-жақты, бұл мектепке дейінгі педагогика пәнін жан-жақты
сипаттауға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі педагогиканы ғылым ретінде сипаттайтын үшінші
элемент –
зерттеу әдістері. Бұл әдістердің
көмегімен педагогикалық
практиканы оқып-үйрену және қорыту, өз бетімен ғылыми зерттеулер
жүргізу жүзеге асырылады. Оларға: әдебиетті оқу және талдау, экспе-
римент, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, интервью, байқау, тәуелсіз
мінездемелер беру, педагогикалық құжаттарды, балалардың іс-әрекет
нәтижелерін талдау және т.б. жатады. Бұл мәселені толығымен алды-
мызда арнайы тақырыпта қарастырамыз.
Ғылымның пәнін айқындап, мектепке дейінгі педагогиканың негізгі
санаттарын анықтағаннан кейін оның функциялары мен міндеттерін
ашуға көшеміз.
Достарыңызбен бөлісу: