167
барлық мауыққыш, еліктегіш тұлғасын көріп шыққандай болды (М.Әуезов, Қараш.). 2.
жағымсыз.
Өзіндік пікірі жоқ, өзгеге ергіш. Халықтың рәсімдерін басшылыққа алуы да
оның әр нәрсеге еліктегіш,
тез оңғыш еместігін, өмірлік адамгершілік тұрғысының
беріктігін дәлелдейді (Р.Бердібаев, Достық.). Бұл айтылған өлеңшілердің ішінде өзінің
ақындық беті күшті, түр тапқыш, аса еліктегіш емесі – Міржақып (Ж.Аймауытов,
Шығ).
178.
ЕЛІКТЕМПАЗ сын.
Әр нәрсеге қызыққыш, әуесқой. Бала еліктемпаз
болғандықтан, баланың ылғи сұлу іәм құлықты әсерлер
алуына ыждаіат қылу керек
(М.Жұмабаев, Шығ.).
179.
ЕҢБЕКҚОР сын.
Еңбексүйгіш, еңбекқой. Ол қарапайым, бір сөзді,
еңбекқор, кез
келгенге қол ұшын беріп көмектесуден шаршаған емес «Ана тілі”. Әр нәрсенің жолын
біледі, еңбекқор, өнерге бейім. Өмір бойы ұлы махаббат иесін күтуге бар (“Жас Алаш”).
Еңбекқор, адал, жаның жай, Мінезің маған тартқанын, Ақылыңды айтып келіп тұр,
Балаларды біліп тұр. Қалай жүріп жатқанын… (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Сәбиттің әкесі
Дөнентай кедей, еңбекқор, санасы ояу, шаруашылығына ұқыпты кісі болған
(Б.Кенжебаев, Ө.Есназаров).
180.
ЕҢБЕКСҮЙГІШ сын.
Жұмыс істеуге берілген, еңбек етуден қашпайтын,
жалқау емес, еңбекшіл, еңбекқор. Не нәрсеге болса да берік. Мейірімді, еңбексүйгіш,
ұйымдастыру қабілеті жоғары (“Жас Алаш”). Мамыт қарт – еңбексүйгіш момын адам
(Ж.Өмірбеков, Батыр.). Әйтсе де, Дәку Әбдиевтің жастық қайраты, үй салу өнері,
еңбексүйгіштігі сыналар күн алда еді (Ш.Мұртазаев, Құрылысшы).
Қыс қатты, қары
қалың болған жылы, Жалынып шөп сұрайтын талай байлар. Диханшыл, еңбексүйгіш
жігіт екен, Қордайға бидай, тары, егін айдар (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
181.
ЕПТІ 1. сын.
Ыңғайлы, икемді, бейім, оңтайлы. Жасыңда араластың малтымаға,
қызығып есер елдің салтына да! Би, болыс, епті жігіт атанам деп, Көп түстің ерегіскен
талқыға да (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). «Екенсің ән салуға сен-дағы епті, Сен біраз әтеш
әнін үйрен», – депті. Бұл сықылды сыншының сөзін естіп, Көз көрмеске бұлбұл да
ұшып кетті (Абай, Тол. жин.). Сыйласарлық тектінің Кім танымас нұсқасын? Күнде
өзімшіл епті н і ң Несін адам ұстасын (Абай, Тол. жин.). Аулына Тұрсынбектің Сара
кепті, Өлеңді жүндей сабап дүрілдетті. Ол кезде он жетіде ақын Сара, Жел сөзге адам
болмас онан епті (Айтыс). 2. ауыс.
Қу, айлакер, пысық, тәсілқой. Біздің «атқамінерлер,
ептілер» мұнан сірә, хабары бар ма екен? Жоқ,
әлі омырауды ашып қойып, білекті
сыбанып іске кідиіп соғып отыр ма екен? (Ж.Аймауытов, Шығ.). Ептілер ебін тауып
жақындапты, Болуға ең сүйгені жақын қапты. Не қылсын өз қолы жеткеннен соң,
Меңіреуді мен сықылды шақырмапты (М.Жұмабаев, Шығ.). Айтуынша, бала кезінде
ол өте епті, қу болыпты (Ә.Әлімжанов, Махаббат.). Екі ел егер болса, Епті жігіт атын
алар (Мақал).
182.
Достарыңызбен бөлісу: