Тақырыбы: «Абайла, мұзды жолдардан!» Мақсаты



бет1/3
Дата01.03.2024
өлшемі19.51 Kb.
#493435
  1   2   3
Қыс мезгілінде жолда жүру ережелеріне арналған ашық сабақ


Тақырыбы: «Абайла, мұзды жолдардан!»
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінде жолда жүру ережесімен және қыс мезгіліндегі жол белгілерімен таныстыру. Қыс мезгіліндегі адам өміріне қауіп төндіретін жағдаят түрлерін ажыратуға дағдыландыру.Оқушылардың ойларын жүйелі әрі шапшаң жеткізуге үйрету.
Әдісі: Ертегі көрінісі, ойындар, жаттаулар, сұрақ жауаптар, өлеңдер
Көрнекілігі: Плакаттар, шарлар, бағдаршам, суреттер
Ұйымдастыру
Кіріспе
Балалар барлығымыз шеңберге тұрайық бүгін бізде ашық тәрбие сағаты өтіледі біздерге қонақтар келіп отыр, қонақтарымызбен амандасайық
Армысың қайрымды аспан ата
Армысың шұғылалы күн
Армысың мейрімді жер ана
Армысың қонақтар
Армысың достарым 
Сендерді көргеніме қуанам
Ертегілер еліне саяхат ( сахналау)
Мұғалім: Балалар ертегі көргілерің келеме
Балалар: Иа
Мұғалім: Олай болса «Бауырсақ» ертегісін тамашалаймыз
Баяғыда кемпір мен шал болыпты. Шал қарны ашып:
- Ау кемпір, қарным ашты, бауырсақ пісірші, - дейді
- үйде ұн жоқ, - деп жауап береді кемпір.
-Қаптың түбін қағып –қағып пісір, - дейді
Кемпір солай жасайды. Бауырсақты пісіріп, суыту үшін терезе алдына қояды.Терезе алдына отырып, Әдемі, биік үйлерге, машиналарға қызыққан бауырсақ жақындап көрмекші болып, терезе алдынан секіріп түсіп, домалап, домалап келе жатса, алдында доп жатыр екен.
Бауырсақ: Көшенің дәл ортасында сырғанақ ойнауға болады ма?
Балалар: Көшенің дәл ортасында сырғанақ ойнауға болмайды.
Домалап келе жатат алдында коньки жатыр екен
Бауырсақ: балалар жолда велосипет тебуге болама?
Балалар: Жолдың үстінде коньки тебуге болмайды
Домалап келе жатат жолдың арғы бетіне өткісі келеді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет