Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет25/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   348
18.08.2023 dis

қайырымдылық, жанашырлық, батырлығы, балуандығы, сабырлық, беріктігі, 
береке бірлігі, имандылығы, ыждаһаттылығы, ойлылығы, тапқыштығы, 
ақпейілі, адалдығы үлкен құндылық болып, дәріптеледі. 
Маслова өз еңбегінде Н.В.Уфимцева мен Ю.А.Сорокиннің еңбектеріндегі 
бір ұлттың сипатын басқа ұлт өкілдерінің көзқарасы арқылы анықтауға 
болатынын айтады. Мысалы, американдықтардың, жапондардың және т.б. 
елдердің мінез сипатын басқа елдер өз мәдениеті тұрғысынан сипаттайды. 
Сондай-ақ әр ұлт өзінің мінез ерекшелігін сипаттай алады. Мысалы, орыс ұлты 
өздеріне қонақжай (5 жауап), жылы шырайлы (5 жауап), мейірімді (4), сезімтал 
(4), шыдамды (4), жомарт (3), ашық (2), сенімді (2), талантты (2), өнертапқыш 
(2), жанашыр (1), ақылды (1), тәрбиесіз (1), ойлы (1), жақсы оқитын (1), шынайы 
(1), екіжүзді (1), ақылды (1), шектелі қалған (1), ашулы (1), ұстамды (1), оптимист 
(1), үмітсіз (1), көңілді (1), бақытсыз (1), шаршаған (1), ашуланған (1), сұрланған 
(1), қараңғы (1), ашкөз (1), ашкөз (1), енжар (1), тапқыр (1), ұлы (1), жалқау (1), 
бүлікшілер (1) және т. б. сипаттама берсе (жиілігі жоғарыдан жиілігі азына қарай 
орналастырылды):, ал американдықтар орыстарды былай көретінін айтады: 
материалист (7), дос пейілді (4), ысырапшыл (3), қатты сөйлейді (2), ойын-
сауықты жақсы көреді (2), еркін (2), мақтаншақ (2), индивидуалист (2), адал (2), 
бәсекелестерге бағытталған (2), жұмысқа берілген (1), мақсатшыл (1), ынталы 
(1), даңғой (1), дөрекі (1), ашкөз (1), сүйкімсіз (1), тәкаппар (1), дөрекі (1), жалқау 
(1), өнертапқыш (1), мейірімді (1), бақытты (1) және т. б. 
В.А.Маслова орыстардың бұл портреттері мен автопортреттері даулы 
екенін айтады, дегенмен жалпы сипатына қарап, мінез сипатының өзегі мен 
перифериясын ажыратуға болатынын айтады. Және Ю.А.Сорокин ұсынған 
әдістеме бойынша эксперимент жүргізгенін, онда белорус ұлтын орыстар мен 
украиндар тұрғысынан анықтайды. Сонда мынадай нәтиже шыққанын көрсетеді: 


48
еңбекқор (27), мейірімді (16), үнемді (11), қонақжай (11), булба жейді (7), ақкөңіл 
(6), бейбітсүйгіш (6), селқос (6), көпшіл (6), ашық (6), өз ойымен жүреді (6), 
көңілді (5), ресейшіл (5), қытымыр (4), орыс тілінде сөйлейді (3), ашкөз (3), 
тұйық (3), әдепті (3), шаруашыл (3), үнемді (3), сөйлеуік (2), жұмсақ (2), аңғал 
(2), ұлтшылдар (2), қонақжай емес (2), мейірімді (2), жұмыскер (2), сұрқайланған 
(2), сүйкімді (2), ашық емес (2), сабырлы (2), шыдамды (2), ұқыпты (1), сыпайы 
(1), тәртіпті (1), үйкүшік (1), жалқау (1), зиянды емес (1), аз сөзді (1), жинақы (1), 
біртұтас (1), әділ (1), ақылды (1), айлакер (1), нан (1), таза (1) [32, б. 91]. 
Профессор, ұлттық психологияның негізін салушылардың бірі 
Д.К.Кішібеков өте баяу өзгеретін кұбылыстарға мінез-құлық, тіпті адамның бет 
әлпеті, дене құрылысы да жататынын. ... Адамның баяу немесе шапшаң 
қозғалуы, мінезінің ашық немесе тұйық болуы оның тұрған жеріне, өскен 
ортасына, саяси құрылымға т.б. жағдайларға байланыстылығын айтып, қазақ 
халқының өзіне тән ұлттық мінез сипатын былай ашады: «Біріншіден, ол ерекше 
бір жағдай болмаса, етек-жеңін жимай, кеңге салып, асықпай, байсалды өмір 
сүрген. Екіншіден, қазақ әнгімелескенде асықпай, әр нәрсенін мән-жайына 
жетіп, түсінісуді қажет еткен. Сөйлескенде, ол қашан да әнгіменің түйінін 
іздеген. Мәселе көп немесе аз сөйлеуде емес. Сол көп сөздің тобықтай түйінінде. 
Қазақ елін әр дәуірде аралап, оның мінез-құлқы жөнінде пікір түйген 
жолаушылар, қазақ халқын көп сөзді («краснобай») деп түйіндеген. Мәселен, дәл 
осындай пікірді, басқа емес, В.И.Даль айтқан болатын. Әрине, қазақ халқы 
сөзшең екені белгілі. Бірақ бұл оның мылжыңдығы емес. Қазақ сөйлегенде әр 
сөзге мән беріп, ойлап сөйлеген. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болу 
керек» деп түсінген, әйтпесе, сөз мылжыңға айналады. Олай болса, мақсат – көп, 
не аз сөйлеуде емес, мәнді сөйлеуде. Үшіншіден, қазақ көп жағдайда қойылған 
сұраққа тез жауап қайтармаған. Түсінбеген, естімеген адамдай үнсіз қала берген. 
Сырын білмейтін адам оның бұл мінезін естімеді, тыңдамады деп те ойлаған. 
Шынында олай емес. Әрбір айтылған сөзді талдап, пайымдап барып жауап 
қайтаратын болған», дейді Д.К.Кішібеков [59, б. 81-99].
Бұл қазақ ұлтының өзіне тән типтік мінезі сабырлылық, байыптылық деп 
аталады. Қазақ сабырлы, байыпты, байсалды, бәрін анық-қанығына жетіп алып, 
бағалауды, асықпауды, қате жіберіп алмауды ерекше назарға алған халық болған. 
Ғалым анықтаған сапа сипаты қазіргі қазақтардың да бойында әлі бар, дегенмен 
өзгерістер көп.
Осы басты сабырлылық мінез сипатынан барып, ғалым анықтаған екінші 
сипат кешірімділік, кеңпейілділік шығатыны белгілі. Яғни адам асықпай, алды-
артын ойлап, бар нәрсенің байыбына барып алып, шешім шығаруда ойлағаны 
өзгегезиянын тигізбеу, өзгенің жайын ойлап отыру, қандай жағдай да кеңпейіл 
болу өрбиді.
«Ол ешқашан тарығып, таусылып сөйлемеген. Әр нәрсенің ақырын 
күткен». Ғалым бұл мінезді өзіне емес, өзгеге де ұстанатынын ерекшеліп айтқан: 
«Қазақ халқының мінезіндегі тағы бір ерекшелік – ол ешбір халықты 
жатырқамайтыны. Мәселен, кім болса да үйіне келіп түссе, ол бай ма, әлде кедей 
ме, тани ма, жоқ танымай ма, оны жоғарыда айтқандай «қонақ» деп қарап қабыл 


49
алған. Қазақ негізінде бауырмал халық. Қазақтың кеңпейілдігі арқасында елге 
кім келсе де сіңіп, сіңісіп кеткен» [59, б. 81-99].
Академик Ә.Қайдардың «Қазақ – ақжарқын халық» (көбінесе басқа ұлт 
өкілдерінің айтатын пікірі) <табиғатында жат адамды тосырқау, жатсыну әдеті 
жоқ, бірден онымен тез тіл табысып кететін қасиеті айтылып тұр. Қазақтың 
“Жақсыда жаттық жоқ” деген логикасы да осы әдетіне саяды>» деп, жақсы 
мінездердің алғашқысы етіп көрсетеді [1, б. 11].
“Қазақ – өзге емес, өзіне ғана әлі жететін халық” (Ел аузынан) <бұл да қазақ 
халқының бір қасиеті. Ол қазақтың өзін-өзі күндеп, жаман-дауына, өзін-өзі көре 
алмай, өсек-әңгіме айтып, күстаналайтын әдетіне байланысты, сыртқы жауға 
ашық қарсы күресуге келгенде кібіртіктеп, кірбеңдеп қалатын, ал ішкі “жауға” 
келгенде еркін қимылдауға тырысатын, аянбай-ақ тырбанатын әдетінен 
туындайды...>. “Қазақ – өзіне-өзі тасбауыр, безбүйрек халық” (Ел аузынан) 
<шынында да, “жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін” дей отырып, 
қазағым кейде өзіне келгенде қатыгездік білдіретіні рас. “Ағайынның аты 
озғанша, ауылдастың тайы озсын” деп көлгірситін қазекем енді бір айналып, 
“Ауру – астан, дау – қарындастан” деп, бәленің бәрі жақын туыс, қатар жүрген 
адамдардан болатынын да жасырмайды. Солай дей тұра, “Ағайынның азары 
болса да, безері жоқ”, “Ағайының бар болса, көре алмайды, жоқ болса, бере 
алмайды”, немесе “Ағайын өсекке қиса да, өлімге қимайды” деген бірде олай, 
бірде былай, солқылдақ, қарама-қарсы пәлсапамен бірдей келісіп, өмір сүріп 
келеді. Алайда, өмір шындығына жүгінсек, қазақтың өз туғанына, өз перзентіне 
өзі істеген тасбауыр, безбүйрек қылықтарынан аяқ алып жүруге болмайды. 
Ахмет, Сәкен, Шәкерім, Міржақып... басынан кешірген қасіреттер осының 
айғағы ...> [1, б. 115-116].
Ғалым қазақ халқының кеңпейілділігін оның киімі арқылы да сипаттаған: 
«Киген киімі қашанда мол, етек-жеңі кең болып келеді. Бұл оның көшпелі 
тұрмысына, атқа мініп, түсуіне, жерге малдас құрып отыруына ыңғайлы. 
Шапанының, тонының етегі отырған орнына төсек, ердің үстіндегі көпшігі 
жастық, шапанын көрпе етіп, кез келген жерге, төсек таңдамай керек болса жата 
кететін. Мінезі де ен даласындай кең, жазық, ашық, жайдары. Қазақ ешқашан 
қысылып, қымтырылмаған. ...Қазақтың түсі суық емес, жайдары, беті ашық, бас 
киімін көзіне түсіріп кимеген. Қазақтың ішкі кең табиғи ақылдылығы, 
жайдарылығы оның бетінен байқалған»» дейді. Өзге ғалымдар бұл нормалар 
«Көшпелі қоғамда сұрыпталып, шындалғандығы сонша, сол қоғамдағы барша 
өмір салты қапысыз реттеп отыруға қызмет еткен. Бұл ретте туыстық қарым-
қатынастар нормасы таза моральдық-этикалық категория шеңберінен шығып, 
қоғамдық өмірді реттейтін заң, кодекс деңгейіне көтерілген» деп дәл айтқан [60, 
б. 40]
Өйткені «бұл нормалар адамдарда жағымды (ізетті, парасатты, иманды, 
тәртіпті, жомарт, қонақжай, бауырмалшыл, батыр, ержүрек, ақ пейілді, 
адамгершілігі мол т.б.) қасиеттерді калыптастыруға бағдарлаған. Ал жағымсыз 
қасиеттерге ие болған адамның мінез-құлқы осындай нормаларға 
сәйкестенбейді, сондықтан да туыстық қарым-қатынас нормасын бұзған адамды 


50
ұрмай-соқпай-ақ, атып тастамай-ақ, сол ортасы жатсынып, оған «елден шыққан», 
«ата салтын аттаған», «қара бет», «жетесіз», «мәңгүрт» деген айып ат тағылатын 
болған. Көшпенділер қоғамының тәрбиесін көрген дені дұрыс адам үшін бұдан 
ауыр жаза жоқ», – дейді Ж.З.Кадина [61, б. 82-85].
Ғалым кеңпейілділікті тағы бір сипат – кекшіл емес болуымен 
ұштастырады: «Қазақ кекшіл емес. Іштарлық та басқа халықтарға қарағанда, 
қазақта бәсеңдеу. Көп ішінде біреу мінеп, мінезінің кемістіктерін, шыққан тегін 
кемсітіп, бетіне басып, өлеңге қосса, шамасы келсе ол табанда жауап қайтарған. 
Уәжі күшті болса – жеңген болып есептелген. Жеңіліп қалса кек сақтамаған. 
Сыртқа шығып, айналаға көз салып, көңілі жадырап кететін болған». Бірақ осы 
кеңпейілділіктің салдары болып шығатын үдеріс өкпелегіштік те қазақ 
халқының мінезіне тән екенін айтқан. 
Кішібеков сабырлылықтан – кеңпейілділікті – бауырмалдықты 
шығарады. Яғни барлығының бастауында ақыл таразысы тұрғанын көреміз. 
«...Тоғызыншы, қазақ арасында да жетім-жесірлер болған. Бірақ олар жаппай бір 
қатер болмаса, ешқашан тентіреп, ел аралап, кайыр сұрамаған» дейді [59, б. 81-
99].
Қазақ бар нәрсені – жақсыны да, жаманды да – сөзбен байланыстыратын 
халық болғанын оның мінезінің сипаты деген: «Қазақ не айтса да қисынын тауып 
айтуға тырысқан. Сөзге мән берген. Сөзіне қарай құрмет көрсеткен. Уәжге 
тұрған. Бұл оның ерекше қимыл-қасиеті. Қазақ кімнің кім екенін бір ауыз айтқан 
сөзінен, былайша айтқанда «сөз саптауынан» байқаған. Кісінің ақылын бірден 
байқау қиын. Ол тереңде жатады. Бірақ оны байқау үшін көп сөйлеудің керегі 
жоқ. Оны қазақ бір ауыз сөзден байқаған». Біздің ойымызша, сондықтан: «Қазақ 
жасы үлкен кісілер кім болса да, оларды сыйлаған, сөзін бөлмеген, жолын 
кеспеген» [58, б. 21-32]. 
Кішібеков қазіргі заманнан өткен ғасырдың мінезін сипаттаса, Абай өзінің 
дәуірінің алдындағы қазақ мінезін былай ерешеленгенін айтқан: «...бұл 
замандағылардан артық екі мінез бар екен. ...Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі, ол 
заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. ...Екіншісі, намысқор келеді 
екен» [62]. Бұл қазақ халқының ақыл-парасатының толықтығы, өзін-өзі басқара 
алуы, елбасы болатын адамның соған сай болуы мен өзгелердің оны тыңдауы 
үйлескен ел болуын көрсетеді. Сондықтан ондай ел, сол елдің азаматтары 
намысқой болатыны түсінікті.
XVIII ғасырда өмір сүрген француз философы К.А.Гельвеций өзінің 
«Адам, оның ақыл-қабілеті және тәрбиесі жайлы» деген еңбегінде: «Тәжірибеде 
дәлелденгендей, халықтардың мінез-құлқы мен ақылы, олардың өкіметінің түр-
сипатымен бірге өзгереді, әр қилы өкімет түрлері бір ұлттың мінезін кезекпен 
бірде көтеріңкі, бірде пәс, бірде тұрақты, бірде тұрақсыз, бірде батыр, бірде 
жасқаншақ етеді. Олай болса, адамдар не ешқандай мінезге бейімделіп тумайды 
немесе тіпті қарама-қарсы бұрыс та дұрыс мінезбен туады. Сондықтан олар тек 
тәрбиенің жемісі», – деп жазған екен [63, б. 145]. Қазақ қоғамындағы әртүрлі 
формациялар, тарихи оқиғалар, ұрпақтар сабақтастығы қазақ ұлттық мінезін 
өзгерткені және өзгерістер үстінде екені рас. Ол барлық халыққа тән. 


51
Мінез сипатына қатысты ұғымдарды сөз еткенде менталитет деген атау 
қазіргі қоғамда көбірек ауызға алынады. Мінез типіне қарағанда менталитеттің 
басым болып кетуі қоғамдық дамудың себебінен. Менталитет ұғымының 
анықтамасын ғалымдар былай анықтаған және біз де осы анықтамаға 
қосыламыз: «Географиялық және әлеуметтік-тарихи, экология, орта, климатпен 
байланысты жағдайлар, халықтың шұғылданатын шаруашылығының түрі, өмір 
тәсілі, тарих, тіл, салт-дәстүрлер, мәдениет (ұлттық психология) – өктемдік 
жүргізетін режимнің психологиясы, ұлттық құндылықтар, әлеуметтік 
күйзелістер менталитет болып табылады. Ұлттық психологияны өзгерту үшін 
бірнеше ғасырлар керек, ал менталитетті тез құбылып, үнемі өзгеріп отыратын 
құбылыс болғандықтан қысқа тарихи мерзімде ауыстыруға болады. Ұлттық 
психология тек қана бір этносқа тән құбылыс, ал менталитеттің жалпы қоғамға, 
өркениетке қатынасы бар» , – деп тұжырымдайды Ж.З.Кадина [64, б. 56-59].
«Менталитет – белгілі географиялық және әлеуметтік ортада тұратын 
белгілі тарихи дәуірге жататын адамдардың сана-сезімдерінің, ой-елестерінің
көзқарастарының жиынтығы. Бұл қоғамның ерекше түрде қалыптасқан, тарихи 
және әлеуметтік үдерістерге әсер ететін психологиялық қалпы», – дейді 
И.Г.Дубов [65, б. 47]. Сондықтан қазақ қоғамы кешегі кеңестік құрылыстың 
менталитетін және егемендік алғаннан кейінгі тәуелсіз сана тудырған 
менталитетті қатар алып келе жатқан тұлғалардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет