54
мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестерін 2006 – 2013 жж. жарық көрген «Қазақ
әдеби тілі сөздігінің» 15 томдығынан және өзге де көздерден жинадық. Жиналған
сөздік қорды лексика-семантикалық және лингвомәдениеттанымдық тұрғыда
талдадық.
Профессор З.Қ.Ахметжанова әр ұлттың менталитеті, әлемді тануы, дүниені
қабылдауы «Не?», «Неліктен?», «Не үшін?», «Қалай?» деген сұрақтардың
қайсысы маңызды соған байланысты анықталады деген. Мысалға, неміс халқы
үшін «Неліктен?» деген сұрақ маңызды, бұл халық үшін әр нәрсенің себебі
маңызды, ал француздарға себептен гөрі мақсат маңызды, олар «Не үшін?» деген
сұрақты доминант көреді дейді. Осыдан барып, прогрестің француздық теориясы
(Руссо, Кондорсе), эволюция теориясы (Ламарк, Тейяр де Шарден), әлеуметтік
утопиялар теориясы (Сен-Симон, Фурье) пайда болған дейді ғалым. Ал
ағылшындар мен америкалықтар үшін «Қалай?»
сұрағы маңызды, яғни нәрсе
қалай жасалған, қалай жұмыс істейді, осы маңызды дейді. Ал бұл тұрғыда
қазақтар үшін «Кім?»
деген сұрақ, «Кімсің сен?», «Сенің қоғаммен, қоршаған
ортаңмен қарым-қатынасың қандай?» деген сауал маңызды екенін дәл айтқан.
Осы орайда қазақ тілінің басты бірліктері антропоөзекті болып табылады дейді
[46, б. 19].
Сол себепті алдымен қазақы исламдағы жақсы мінез туралы әдебиеттерге
тоқталсақ. Исламда жақсы мінез-құлық жетпіс сегіз түрлі деп саналады.
Олардың шығатын түп асылын тағы да жеті түрлі мінезге тірейді. «Бұларды
ахлақ хамида, яки мақтаулы, игілікті мінез құлықтар деп атайды. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: