Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет42/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   348
18.08.2023 dis

әйнек көңілді жақсы әйел, Достарың келсе, төркінім келді деп ұғар 
(Т.Молдағалиев, Шақырады көктем). Етегі кең ел үшін, Ерлердің туған жері 
үшін (Н.Байғанин, Шығ. жин.). Ол – тірісінде де талайға ыстық та көлеңке 
болған, суықта жылуын тигізген қайыры мол, сақи адам еді (Ө.Тұрманжанов, 
Менің кітаб.). Бұл патшаның қуаты Күннен-күнге артылған. Сахауатты 
тәңірі-ай, Дұшпанның оты қау жанып, Бұқарамыз шарпылған (Кердері 
Әбубәкір, Қазағым.). 
Маслова фразеологизмді мәтін, мәдени ақпараттың қоры деп атаған. 
Фразеология мәдени-ұлттық дүниетанымның элементтері мен ерекшеліктерін 
жаңғыртып қана қоймай, оларды санада қалыптастыратынын айтқан. Тұрақты 
тіркестер тікелей (денотатта) немесе жанама түрде (эталон, рәміз, стереотип 
байланысы арқылы) әлем, қоғам туралы мәдени ақпаратты алып жүреді. 
Сондықтан тұрақты тіркестер бұл халықтың менталитетін, мәдениетін ұрпақтан-


76
ұрпаққа сақтайтын және жаңғыртатын "даналықтың қоймасы" дегенді айтады 
[44, б. 67]. 
Қазақ тілінде ЖОМАРТТЫҚ пен САРАҢДЫҚ бинарлы атаулары концепт 
дәрежесіне көтерілген ұғымдар өзара оппозит түсініктер. Бұл атаулардың 
баюына прецедентті мәтіндер мен есімдердің болуы да әсер етті. Мысалы, Қасым 
жомарт, Атымтай жомарт туралы Н.Уәли «Қазақ аңыз, әпсаналарында дүниеде 
жомарттықтың екі түрі баяндалады пейіл жомарт және дүние жомарт. Пейіл 
жомарт деп қолында дүниесі жоқ болса да, туа біткен ниетке жомарт адамды 
айтады екен. Ы.Алтынсариннің көрсетуі бойынша: «Атымтай жомарт өзі 
есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын 
кесіп, шөп тасып жұмыс жасайды екен. Бір күні одан өзінің жақын 
таныстары сұрапты: «Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, жалаңашқа – 
киім, үйсіздерге – үй болдыңыз, сөйте тұра жарлыша отын кесіп, шөп 
тасығаныңыздың мағынасы не?» Сонда Жомарт: «Бұған төрт түрлі себеп 
бар. Әуелгісі әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең көңілге 
жел кіргізеді, сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан 
жиреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқам. 
Екіншісі бар бола тұрып жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, 
кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі күн сайын өз бейнетімен тапқан бір-
екі пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, 
еңбекпен табылған дәм тәтті, әрі сіңімді болады екен. Төртіншісі құдай-
тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін 
өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп 
қорқамын» – деген екен. 
Дүние жомарт деп қиналған жандарға дүние-мүлкін аямай, молынан 
беретін мырза адамды айтады. Ол қолында болса беріп, жоқ болса «жоққа 
жүйрік жетпейді» деп қарап отырған. Дүниеге жомарт бұндай адамды Қасым 
жомарт деп, хикая-дастандарға арқау еткен. Сол жайында бір қиссада былай 
баяндалады: «Кедей жігітке патшаның қызы жер астында тығулы қазынаны 
сыйлайды. Жігіт ол қазынаны сұраған жандардың барлығына үлестіріп, 
тауысады. Сөйтіп Қасым жомарт атанады». Жомарттық этикалық категория 
ретінде қалыптасты. Ол адамды қайырымдылыққа, адамгершілікке
имандылыққа тәрбиелейді. Діни хадистерде жомарттық – мұқтаж жандарға 
алғыс немесе мақтау күтпей жәрдем беруді білдіретін жоғарғы адамдық 
қасиет деп суреттеледі. Жомарттық дәстүрлі қазақы ортадағы әлеуметтік 
қатынастарды ұйымдастыратын, әрі реттеп отыратын моральдық-этикалық 
мәнді нормалар мен принциптердің қатарына жатады» [54].
Бұл атаулар бүгінде өмірде болған адамның есімінен гөрі абстракті, жалпы 
атау түрінда жалпы көпшілік санасында қалыптасып кетті. «Мәтіндегі сөзбе-сөз 
мағынаның қалтарысында оқырманның есіне түсетіндей немесе ассоциация 
тудыратындай, сезіміне әсер ететін прецедентті мәтін немесе прецедентті 
атаулар болады. Мысалы, «айта-айта Алтайды десе» прецедент автордың нені 
меңзеп тұрғаны оқырманға белгілі, қайта айтыла беріп, мезі болған нәрсе екенін 
адресат бірден түсінеді. Өйткені «Алтай» әні, ал әнді айтушы жөнінде 


77
адресаттың білімі бар. Автор мен адресатқа ортақ білім қоры болғанда ғана 
прецедентті мәтіннің әсері айрықша болады. Бәрін айт та бірін айт, даудың 
басы деген көркем әдеби прецеденттер газет, радио,= телехабарлар тілінде оқта-
текте кездесіп отырады» деп Н.Уәли айтқандай [54, б. 46], атымтай жомарт, 
қасым жомарт атаулары бүгінде тұрақты тіркес қызметінен тіпті атау қызметіне 
ауысты. Оған прецедентті атау болуы негіз болды.
Ә.Қайдар қазақ өзім дегенге өзегін суырып беретін, сыйлы қонағына 
астындағы мініп жүрген жалғыз атын жайратып сойып тастайтын, не тамырына 
сыйға тартатын; жылы-жұмсақ тамағын өзі жемей сақтап, қонағының алдына 
тосатын, “ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын” дейтін көңілі 
дарқан, кеңпейіл халық екенін сипаттайды. Бұл әдеттері де қазақтың өзіне ғана 
тән қасиеттерін сипаттайды, жаны жомарт, өзі мәрт халық екенін көрсететінін 
айтады [1, б. 94]. 
Жомарттықпен қатар аталуы тиіс КЕҢПЕЙІЛДІЛІК концептісі де 
біршама атауға ие (14): алды кең, бейғам, дүниеге кең, ежекті, етек-жеңі кең, 
кенен, кең қолтық, кеңпейілді, кешірімді, кешірімпаз, кешірімшіл, қайтымды, 
пейілді, пейілі кең. Мысалы, Нағашым бір он шақты үй, кедей ауыл, Әйтсе де 
бізді өмірде етпейді ауыр. Ежекті, ер жүректі жігіттері Мен түгіл бөтенді 
де етер бауыр (Ж.Саин, Таңд. шығ.). Баяғы бір кеңдік, еш нәрсені елемеушілік, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет