6
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ халқы алдымен өзінің
табиғатын, болмысын таныған, дене мүшелерінен бастап, адамдық қасиеті мен
жақсы-жаман қылықтарын, мінез-құлқын,
қабілеттерін, өзін қоршаған орта,
туған-туыс, айнала, алыс-жақын жұрағат,
танитын-танымайтын, бірақ көзіне
көрініп, бір сипаты белгілі болып қалған барлық ортаны байқап, бағалап,
сипатын беріп отырған. Оған түркі дәуірінен сақталған
төл сөздерден тұратын
дене мүшелері атаулары, туған-туыс, үй-іш атауларының әрқайсысына тән атау
болып бекіген барлық лексикалық қор айғақ бола алады. Оған академик
Ә.Қайдар «Қазақ қандай халық?» [1] деп сұрақпен атаған, ол сұраққа қазақ ұлтын
адам, қоғам және тіл үштігі аясында зерттеп,
ұлттың мінез-құлқы,
менталитетімен жауап берген бірегей еңбегі дәлел бола алады.
Қазақ лингвистикасында қазақ тіліндегі аталымдар жүйесінің әр тобы
айтарлықтай зерттелді. Сөздік қорымыздың лексикографиялануы XX-ғасырдың
40 жылдарынан бастап қолға алынып, бүгінде «Қазақ әдеби тілі сөздігінің» [2]
106 мың сөз, 150 мың сөз тіркесін қамтыған түсіндірме сөздігі жарыққа шығып,
сөз байлығымыз айтарлықтай түгенделді. Адамның ұғым-түсінігі мен
бағалаулары таңбаланған номинативті бірліктер мен сипаттама қолданыстар
жиналды.
Тіл таңбалаған, тілдік санада анықталған бірліктер сол халықтың
бағалаулары мен тілдік санадағы қорытынды нәтижесі болып табылады.
Сондықтан филологиялық зерттеулерде кез келген тақырыпты зерттеуді
жаңадан қолға алғанда алдымен сөздік қорды түгендейді,
сөздік бірліктерді
жинақтап, халық санасы тілдік бірлік ретінде атау беріп таңбалаған құрамды
анықтайды, жалпы сандық көрсеткішті анықтап, көріністі бағалайды.
Сандық
көріністі бағалаудың ең айқын және тура жолы қолда бар лексикографиялық
еңбектерді пайдалану, қажетке жарату болып табылады.
Сол себепті қазақ
тіліндегі мінез атауларының лингвомәдени негіздерін айқындау үшін алдымен
сөздік құрамда тіркелген, ауызша және жазба тіл
дискурстарында бірнеше рет
қолданыс тапқан мінез бірліктерін жинап алу, оларды топтастыру, мағыналарын
ашу қажеттілігі айқын.
Достарыңызбен бөлісу: