Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет66/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   348
18.08.2023 dis

Әйелге қатысты мінез атаулары. Дәстүрлі қазақ халқында қыз бала 
тұрмысқа шығып келін атанса, дүниеге бала әкелген сәттен бастап ол әйел деген 
ардақты атқа ие болады. Қазақ халқы әйел адамның жасы үлкейген кездерінде 
бәйбіше, бабасал бәйбіше, ақ жаулықты ана деген атауларды қолданған. Ал 
егерде ері екі немесе оданда көп әйелмен отау құратын болса оларды – тоқал деп 
атаған. Тоқалдардан кейінгі ең соңғы үйленген жарын, ең сүйіктісін – ақ қолтық 
деп атаған. Қазақ дәстүрінде әйелдің үй ішіндегі еркіндігі өз отбасының атына 
нұқсан келтірмей, қайта намысын қорғап, көркем мінезімен ел аузына ілініп, 
ақылдылығымен өзгеге үлгі ретінде айтылып, халық ішінде сыйлы болған.
Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа байланысты қазақ әйелі әдепті, 
мейірімді, қамқоршы, болуы тиіс, күйеуін әркез сыйлап, оған қарсы сөйлемеу 
керек. Сондай-ақ ол тек қана күйеуін емес, жалпы қайын жұртына құрмет 
көрсетіп иіліп тұруы керек. Әйел дегеніміз – сұлулық. Ал сұлу әйел сипаты 
көркем мінезділік, сыртқы келбеті мен ішкі сезімдердің үйлесімділігі [100, б. 24-
39]. Осы орайда біз «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» он бес томдығы бойынша әйелге 
қатысты мінез атауларын барынша жинастырдық. Мінез атауларына мысал 
келтіре отырып, мағынасын ашуға тырыстық. Қазақ халқы әйел мінезінің 
салиқалылығы мен көркемдігіне, білімділігіне қарап: басалқылы, ұстамды, 
елжірегіш, көнбіс, салиқалы, мәйім, сәйкі, ілтипатты т.б. деп баға берген. 
Мысалы: Осы әпкем де қызық екен, көрдім ғой ол кісіні, ұстамды, басалқылы 
адам көрінеді (Ш.Құмарова, Қос шынар). Әйел мінезінің көрегенділігі мен 


109
ұстамдылығын баяндап, басалқылы мінез деген атауды қолданып тұр. Ішінде 
емес, бар қызығы сыртында, – деді біреу күлкі үйріліп мұртында. Сыртқа қарай 
жапырыла жөнелдік, Жедел басып сәйкілер де, сылқым да (C. Жиенбаев, Алтын 
қалам.). Бұл жерде әйелдің кербездігі пен әсемпаздығына сәйкі мінез деп 
қолданған. 
Өзімде жоқ мінездерді – ұстамдықты, сабырлылықты соның бойынан 
көрген соң ойланбадым (Т.Әбдіков, Ақиқат). Бұл сөзде әйелдің ұстамдылығын, 
сабырлылығын қаншалықты тәрбие көргендігін көрсетеді. Мекіренгіш, 
елжірегіш аналар киноға деп, сауық кешке деп баласына әкесінен жасырып 
ақшаны асыра беріп жаман үйрететіні сирек кездесер жәйт пе? (М.Әлімбаев, 
Тәрбие.). Мұнда әйел затының жүрегі нәзік, елжірегіш болып келетіні 
баяндалады. Кешегі күнге дейін көп көнбістің бірі атанып келген Нағима ананың 
жүзінде бүгін жаңа бір нүр, жаңа бір күш жалыны бар (Ғ.Мүсірепов, Өмір.). 
Дәстүрлі қазақ отбасында қазақ әйелі көп жағдайларда айтқанға тез көнетін, 
көнгіш мінезімен даналығын білдіріп отырған. Он төртіме келгенде салиқалы 
қыз болдым Жібектей шашын талдаған (Бес ғасыр жырлайды). Мұнда әйел 
бойындағы ең ізгі қасиеттерінің бірі ұстамдылық пен салиқалылық жайлы 
айтылған. Біраз кідіріп үлкен кісі даусын кенеп алды да, құс мамықтың үстіне 
жапқан үлбіреген шәйідей мәйім үнмен бастап кетті (Қ.Найманбаев, Үміт.). Әйел 
мінезі жағымды болса, мәйім мінезді деп атаған. Қазақ әйелдерінің сүйкімділігі, 
сөзге шеберлігі, ілтипаттылығы, қалыпты мінезі олардың табиғатына тән, 
ерекше қасиет екені бірден көзге түседі (Жорж Буйон). Асылтас өзінің ерекше 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет