Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет67/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   348
18.08.2023 dis

ілтипаттылығымен барлық сауыншыларды еңбекке жұмылдыра білуімен көз 
тартты («Қазақст. әйелдері»). Әйел заты өзін түсінген, сыйлаған адамға 
әрқашан биязы мінезімен ілтипаттылық танытып отырады. 
Халқымыз дөрекі сөздерді әйел адамға айтпаған, бұл қазақ мәдениетінің 
ерекшелігі болып табылады. Десе де, ел арасындағы кейбір қыңыр-қисық, кексе, 
қабағы қатулы әйелдердің мінезіне қатысты жағымсыз мінез атауларын да 
қолданған. Осы жағымсыз мінез атауларын қолдана отырып, өзгеге сабақ болсын 
деген мағынада да қолданған. Әйелдің дөрекі мінезіне қарата: ұрысқақ, шайқы-
бұйқы, шайлау, бейуаз, бетпақ, а десе мә дейтін, долау, долы дуайпыт деген 
мінез атауларын қолданған.
Маслова батыс мәдениеті гетеросексуалды және дене бітімге қарайтын 
мәдениет екенін айтады, және бұл бірінші кезекте тілге әсер еткенін, бірқатар 
елдерде "адам" ұғымы тек ер адаммен, мысалы, неміс das Man-мен байланысты, 
ағылшын a man-мен байланысты болғанындай ер адаммен ғана байлынасты 
болғанын айтады. Орыс тіліндегі женщина сөзінің жұрнағын теріс 
коннотациямен деревенщина, казенщина, групповщина, чертовщина
деп 
айтатынын келтіреді [44, б. 97]. 
Ал күншілдігі мен бейбастығына қарата: күншіл, бейапар, датқой, дарбаза 
деген жағымсыз мінез атауларын да қолданған. Мысалы: Мұғалімің жақсы 
болса, математиканы да жақсы оқуға болар еді. Бізге бір кәрі әйел береді. 
Ұрысқақтығында шек жоқ енді (С.Мұратбеков, Дос.). Мұнда шектен тыс 
ашуланып, жанжал шығарып отыратын ұрысқақ әйел туралы айтылып тұр. 


110
Шайқы-бұйқы – тентек, долы, шәлкес. Бұл жерде долы әйелдің мінезін 
сипаттайды. Тілі ащы болса керек. Шайлау әйел жылқы шетінде жүрген 
Жанқара байға шаптығып: Мұнша малды неңе жетпей жиып жүрсің деп 
ашуланыпты (Албан-Жарты ата). Қазақ халқы күйгелек, ашуланшақ әйелдерді 
шадыр мінез деп атаған. «Япырай, Перизатай, сен осындай бетпақ па едің. 
Бетпақ болмасаң, айтқанға неге ғана көнбейсің (Ә.Әбішев, Жас түлек.). Бұл 
жерде қиқар, айтқанға көнбейтін бетпақ әйел мінезі жайлы айтылып тұр. 
Күншіл. Қызғаншақ мінезді әйелдерді күншіл деп атаған. А десе мә дейтін. 
Ұрысқақ, бетпақ әйелдердің мінезіне қарата қолданылған сөз. Әйелің бейапар 
болса, жұрттың тыныштығынан не пайда (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі). Бұл жерде 
күйгелек, мазасыз әйелдің мінезін бейпар деп баяндап тұр. Бәйбішесі Айшадан 
Мамырап, Айқожа деген екі ұлы бар, тоқалы Пәниден бес ұл бар, олар әлі жас. 
Пәни – дарбаза, бәдік, долы әйел (Ә.Бектасов, Мәди). Ұяттан безген әйелді 
дарбаза мінез деп атаған. Оны-мұныны есіңе тұтасың да жүресің, сен бір датқой 
қатын екенсің (Қаз. тілі аймақ. сөздігі). Өзгені бір нәрсеге өмірі кінәләп 
жүретінді датқой әйел деп атаған. Ол жігітің бір долау қатынға кез болыпты 
ғой (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі). Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер, Әйелің долы 
болса күнде өлтірер. Жақсыдан жаман туған бала болса, Атаға үйде жатқан сөз 
келтірер (Шал ақын, Өлеңд.). Бұрын да айлы түндегі арық қояндай қорқақтап, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет