116
10. Ақсу-Жабағылы қорығын картадан көрсет.
Сурет 29
3-тапсырма. Мәтінді оқы.
Бурабай
Астананың жанында табиғаты көркем Бурабай шипажайы орналасқан.
Оның аумағында қарағайлы орман, 14 көл және ғажайып пішіндегі
жартастар бар. Ғалымдардың айтуынша, бұл өлке осыдан миллиондаған
жылдар бұрын мұздықтардың еруінен пайда болған екен.
Бурабай қазақтың «бура» түйе сөзінен шыққан. Бурабай ұлттық паркінің
жалпы аумағы 83 510 гектарды құрайды, ал 47 400 гектары орманды алқап.
Бұл жерде өсімдіктің 757 түрі бар, оның 12-сі қызыл кітапқа енгізілген.
Бурабай өзінің мінсіз табиғатымен, таза ауасы, мөлдір көлдерімен,
жұмбақ тау шыңдары және мәңгі жасыл қылқан жапырақты ормандарымен
кез-келген адамды баурап алады. Осы өлкенің сұлулығы жайында аңыз-
жырлар мен өлеңдер айтылады.
(«Менің Отаным - Қазақстан» оқу құралы)
1. Мәтін не жайлы? Дұрыс жауабының тұсына «+» таңбасын қой.
а) Астана жайында
ә) Бурабайдың табиғаты жайында
б) Бурабайдың ұлттық паркінің аумағы жайында
в) Бурабайдың аңыз-жырлары жайында
Қазақ тілі пәнінде мәтін түрлерімен танысқан оқушылар келесі
тапсырманы қатесіз орындайды.
2.Мәтіннің түрін анықта? Дұрыс жауабының тұсына «+» таңбасын қой.
а) әңгімелеу
ә) сипаттау
б) пайымдау
Оқушы мәтіндегі көп ақпарат ішінен өзіне керектісін ғана бөліп алады.
3. Мәтіннен Бұрабайдың табиғатын сипаттаған жерін жаз.
_____________________________________________________________
4. Мәтіннің екінші абзацынан сын есімдерді теріп жаз.
______________________________________________________________
Оқушылар мәтінмен танысқаннан соң, белгілі
бір мәселе төңірегінде
пайымдау жасайды.
5. «Аңыз» дегеніміз не?
______________________________________________________________
117
Оқушы өзі білмейтін, білгісі келетін қажетті ақпаратты өзі іздестіре
отырып төмендегідей тапсырманы орындайды.
6. «Бурабай» туралы қандай аңыздарды білесің? Қысқаша мазмұнын жаз.
___________________________________________________________
Қорытындылай келе, мәтін талдауда жоғарыдағы әдіс-тәсілдер мен оқыту
құралдарының негізінде ұйымдастырғанда мынадай нәтижелерге қол жеткізуге
болады:
1. Мәтін құрастыруға үйрену барысында оқушының дүниеге деген өзіндік
түсінігі мен танымы әр пән бойынша ғылыми білім негізі қалыптасады.
2.
Оқушы бойында жауапкершілік, өз ойын жазуға деген қажеттілік пен
қызығушылығы артады.
3. Өз бетінше түрлі шығармашылық, логикалық түрдегі тілдік
тапсырмаларды орындау,
құрастыру арқылы ойлау, салыстыру, талдау,
жалпылау, нақтылау, абстракциялау,
жинақтау, ассоциациялау тәсілдерін
меңгеріп, өз пікірін білдіруге үйренеді.
4. Ойлау іске асыру барысында оларды жиі қолдану білігі мен дағдылары
қалыптасып, ойлау шапшаңдығы күшейеді.
5. Өзін-өзі бағалауға, басқаруға үйренеді, өз бетінше білімді игеруі жүзеге
асырылады, өз өмірінің нысаны болуға талпынысы пайда болады.
Факультатив сабағында мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда пәнаралық байланыста
жүргізілген сабақтар нәтижелі болды. Оқушылардың
ойлау мен сөйлеу
дағдыларын қалыптастыруда арнайы тапсырмалар жүйесі әзірленді. Бұл
тапсырмалар бір немесе одан да көп оқу пәндерінің білімі мен дағдысын
қамтыды.
Достарыңызбен бөлісу: