Павлодар облысы білім басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» ҚММ



Pdf көрінісі
бет23/183
Дата16.04.2024
өлшемі6.15 Mb.
#498805
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   183
ББЖМ тест жинақ МОДО тест 2022 (1)

4 нұсқа 
 
Оқу сауаттылығы 
1 мәтін 
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап 
беріңіз 
Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол отбасы 
ең бақытты жанұя болып саналады. Әр жексенбі және түрлі мейрамдар сайын 
отбасы мүшелері ата мен әженің шаңырағындағы мол дастарқан басына 
жиналып бір-бірлеріне деген құттықтауларын білдіреді. Себебі оларды 
отбасылық рухани құндылықтар біріктіреді. 
Жанұяның қонақ күту рәсімі ұлтына, салт-дәстүріне, мәдениетіне 
байланысты әртүрлі болады. Қазақ халқы қонақжай халық болғандықтан
келген қонақты төрге шығарып, ақ дастарқан жайған. 
Қазақ отбасында үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, 
мерекелерді қара шаңырақта қарсы алу ... отбасылық дәстүрлер ертеден 
қалыптасқан. Бала дүниеге келгенде, шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет 
той сияқты мерекелерді туған-туысқандарымен бірге тойлайды. 
Отбасылық дәстүр мен мейрамдар жанұядағы адамдардың бір-біріне деген 
сенімділігін әрі құрметін нығайтады. Ол болашақтың тәрбиесінде де маңызды 
рөл атқарады. 
1. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес? 
А) Туған жерге туың тік. 
В) Отан отбасынан басталады 
С) Отан үшін отқа түс, күймейсің, 
Арың үшін алыссаң, өлмейсің. 
D) Батыр туса, ел ырысы. 
2. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады? 
А) болмаса 
В) әйтпесе 
С) сияқты 
D) сондықтан
3. Соңғы абзацтағы қарамен берілген сөзді қай сөзбен алмастыруға болады? 
А) балалардың 
В) ұрпақтардың 
С) ағалардың 
D) кісілердің 
4. Қай кезде шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той сияқты мерекелерді 
туған-туысқандарымен бірге тойлайды? 
А) бала дүниеге келгенде 
В) бала мектепке барғанда 
С) бала мектепті аяқтағанда 
D) бала үйленгенде 


50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет