Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
1.
Келесі тұжырымдардың қайсысы тірі де өлі де табиғат өкілдері үшін
дұрыс?
A)тек тірі табиғат өкілдері ғана өседі, ал өлі табиғат өкілдері өсе алмайды
B) тек тірі табиғат өкілдері ғана жылжи алады, ал өлі табиғат өкілдері жылжи
алмайды
C) тек тірі табиғат өкілдері ғана көбейе алады, ал өлі табиғат өкілдері көбейе
алмайды
D)тек тірі табиғат өкілдері ғана пішінін өзгерте алады, ал өлі табиғат өкілдері
өзгерте алмайды
2.Аталған ағзалардың қайсысының баласының пішіні туғанда үлкен ағзаның
пішініне өте ұқсас болады?
A) күйе көбелек
B) бақа
C) адам
D) көбелек
3.Кальций – бұл, сүйек және тістің беріктігін арттыруға себебін тигізетін
минерал. Қандай тағамда кальций бәрінен көп?
A) кәмпитте
B) ірімшікте
C) күріште
D) етте
4.Көптеген құстар жұмыртқаны одан балапан жарып шыққанша басып жатады.
Құстар неге жұмыртқа басатынын төменде келтірілген жауаптардың қайсысы
жақсы түсіндіреді?
A) жұмыртқасы ұядан түсіп кетпеу үшін
B) жұмыртқа үнемі жылыда болу үшін
C) жұмыртқаны желден қорғау үшін
D) жұмыртқаны жаңбырдан қорғау үшін
5.Топырақ өзгерістерінің қайсысы тек табиғи күштердің әсерінен болады?
A) фермерлердің жерді өңдеуімен байланысты минералды заттардың азаюы
B) ормандарды кесумен байланысты шөлдер пайда болуы
C) плотина салумен байланысты су қаптауы
D) қатты жаңбыр жауғаннан минералды заттардың жуылып кетуі
6.Жер өз осін айнала қанша уақытта бір айналым жасайды?
A) 12 сағатта бір айналым
B) 24 сағатта бір айналым
C) бір айда бір айналым
D) бір жылда бір айналым
7.Не қоспа болып табылады?
A) тұзды су
B) cy бyы
55
C) қант
D) тұз
8.Су, мұз бен будың температуралары әртүрлі. Ең суығынан ең жылысына
қарай орналасқан тізбекті көрсет.
A) мұз, су, бу
B) мұз, бу, су
C) бу, мұз, су
D) бу, су, мұз
|