63
орынды қабылдауға кедергі келтіретін адамның физикалық және эмо-
ционалды күйімен байланысты) кедергілер жатады. Әйткенмен, бұл
үлгінің де кемшілігі жоқ емес, кемшілігі – қарым-қатынасты жіберуші-
ден қабылдаушыға жеткізілетін бір бағытты
қарым-қатынас деп қа-
рауы. Сондықтан бұл үлгі жазбаша қарым-қатынасқа тән, сонымен қа-
тар қабылдаушы ықпал ету нысаны ретінде
қарастырылатын бұқара-
лық ақпарат құралдарының ықпалына да жақсы келеді.
ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ТРАНСАКЦИЯ-
ЛЫҚ ҮЛГІСІ – бұл үлгі қарым-қатынас иелерінің екі жақты бідей қа-
былдау және жіберу үдерісінен тұратындығын қарастырады.
Себебі
уақыттың
әрбір нақтылы кезеңдерінде,
біз басқа адамның хабарлама-
сын алып және қайта кодтау мүмкіндігіне иеміз, сонымен қатар алып
қана қоймай, оған қарсы әсер ету және дәл осы уақытта басқа адам сіз
жіберген хабарламаны алып оған жауап қайтара да алады. Осылайша,
қарым-қатынас актін алдын ала өтіп және соңынан еретін жайттардан
айырып алу мүмкін емес. Бұл үлгі қарым-қатынастың қатынасты адам-
дардың ылғи байланысу нәтижесінде құрылатынын көрсететін үдеріс
екендігіне назар аудартады. Дәл осы үлгі сызықты үлгіге қарағанда қа-
рым-қатынас барысын анағұрлым жақсы сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: