Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет23/33
Дата18.04.2024
өлшемі1.36 Mb.
#499145
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
ҚОРЫТЫНДЫ 
Психологиялық-педагогикалық қолдау баланы білім беру-тәрбиелеу 
үдерістері жағдайында дамытуды қамтамасыз ететін көмек пен қолдаудың 
ерекше бір түрі болып табылады және әрбір баланың мүмкіндігі мен 
қажеттілігіне сәйкес оны табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-
психологиялық және педагогикалық жағдай тудыратын мамандардың ұйымдық 
қызметінің тұтас жүйесін білдіреді

Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды бағалау кезінде ҚР 
МЖМБС көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптарға негізделеді. Алайда, кейбір білім алушыларда бағдарламаны 
меңгеру мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде олар қалыпты дамыған 
балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне 
сәйкес келетін деңгейге жетеді. Білім алушылар жетістіктерін бағалауда ең 
маңызды құрал, бағалау жүйесі білім беру процесін жетілдіруді жалғастыру 
үшін объективті және тиімді болуы қажет.
Білім берудің қазіргі жүйесінде білім алушылардың білім жетістіктерінің 
сапасын бағалаудың критериалды-бағдарлы көзқарасы негізіндегі қадағалау 
және бағалау өзекті болып табылады. Бұл әдістемелік құралда бастауыш
негізгі орта, жалпы орта мектептегі инклюзивті білім беру жағдайында білім 
берудің жаңартылған мазмұнын МЖМБС талаптарын жүзеге асырудың 
ерекшеліктері, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде 
қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың 
психологиялық-педагогикалық негіздері, инклюзивті білім беру жағдайында 
ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін 
педагогикалық бағалаудың міндеттері мен функциялары, инклюзивті білім беру 
жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу 
жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесіне қойылатын талаптар, инклюзивті 
білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың 
оқу жетістіктерін бағалаудың критериилері мен тәртібі қарастырылған.
«Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жолдары » атты 
әдістемелік 
нұсқаулық 
жалпы білім беретін және арнайы мектептердің мұғалімдеріне 
оқушылардың жеке жетістіктерін оқу процесінде бағалауда практикалық 
нұсқау болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет