4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тәрбие әдістемесі: Тәрбие әдістері. Тәрбие процесінің ұстанымдары. Тәрбие процесінің негізгі
бағыттары.
Оқыту процесі: Оқыту процесінің ұстанымдары. Оқытудың әдістері мен формасы.
Оқу процесін басқару және ұйымдастыру: Сабаққа даярлық, педагогикалық талдау және оқу
процесінің рефлексиясы. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті.
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер: Когнитивті даму мен тиімді сабақ беру. Қалай оқу
керектігін оқыту. Метатаным. Естің түрлері. Сыныптағы диалогтың маңызы. Әңгіме түрлері.
Сұрақ қою. Оқытудағы АКТ. Сабақ беруді жоспарлауда оқыту мен сабақ берудегі жаңа амал
тұрғыларды есепке алу.
Оқу жетістіктерін бағалау: Оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау. Кері байланыс.
Зерттеу тәжірибесі: Сабақты зерттеу стратегиясы мен амал тұрғылары және тәжірибені
зерттеу.
5. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: тест тапсырмаларының
қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 26 %; орташа деңгейде (B) – 60 %;
жоғары деңгейде (C) – 14 %.
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға,
тестіленушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен
әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа
жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге,
дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға
негізделген.
Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды,
тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын
біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды
негіздеуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |