5. Зияткерлік мектептердегі құндылықтар
мен білім беру мақсаттары
5.1. Оқу бағдарламасы білімнің іргетасын құрайтын құндылықтарды, білім, сауаттылық
түрлері мен дағдылар тізімін қамтитын негізгі құзыреттіліктер шеңберін айқындайды.
Ол оқушылардың бойында негізгі құзыреттіліктерді қалыптастырып, дамытуға негіз болады.
Барлық оқушыларға өздерінің әлеуетін іске асырып, қоғамның жауапты мүшесіне айналуға
мүмкіндік беретін іргелі білім алуға жағдай жасау қажет.
5.2. Негізгі құзыреттіліктер дегеніміз адамның қазіргі қоғамға оңтайлы бейімделіп, өмір
сүруіне қажетті білім, сауаттылық түрлері, дағдылар мен құндылықтар кешені. Олар адам-
ның құбылмалы жағдайларға бейімделу, сондай-ақ алған білімі мен дағдыларын өмірде
қолдана алу қабілетін көрсетеді, атап айтқанда, әлеуметтік тұрғыдан өзара қарым-қатынас
құрып, жеке өміріне, білім алуына, өзін-өзі дамытуына және болашақ кәсібіне қатысты
әртүрлі мәселелерді шешуде өз білімі мен біліктерін қаншалықты қолдана алатынын
көрсетеді.
Құндылықтар дегеніміз – адам өмірінде маңызды саналатын дүниелер жайында қалып-
тасқан ойлар, ұстанымдар мен идеалдар жүйесі. Олар адамның нені бағалайтынын және шешім
қабылдап, әрекет еткенде нені басшылыққа алатынын көрсетеді.
Білім дегеніміз – зерттеу жүргізу, тәжірибеден өткізу немесе бір адамның екінші адамға
білгенін жеткізуі арқылы жинақталатын ақпарат. Сонымен қатар білім – мәселелерді шешуге
және мақсаттарға жетуге көмектесетін фактілер, идеялар, тұжырымдамалар, іс-әрекеттер мен
қағидаттарды түсіну.
Сауаттылық түрлері дегеніміз – адамның күнделікті өмірдегі түрлі салалар бойынша алға
қойған міндеттерін айқындап, туындаған мәселелерді шешуде және түсінуде қолданатын талдау,
пайымдау және тиімді қарым-қатынас жасау қабілеттері.
Дағдылар дегеніміз – тәжірибе арқылы жинақталған білік және әрекет ету тәсілдері. Олар
белгілі бір тапсырмаларды жақсы орындауға және нақты бір салалардың мәселелерін шешуге
көмектеседі.
Табысты өмір сүру үшін негізгі құзыреттіліктерді меңгерудің маңызы зор, олар бірін-бірі
толықтырады, сондықтан тиімді бола түседі. Олар күнделікті өмірде туындайтын түрлі жағдай-
ларда қолданылуы мүмкін, сонымен қатар әртүрлі салалар үшін де маңызды саналады. Құзы-
реттіліктердің қозғалысқа тікелей қатысты ұғым екенін түсіну маңызды, олар іс-әрекет арқылы
жинақталатын тәжірибемен жетіле түседі, ал олар жағдайға байланысты қолданылады.
Негізгі құзыреттілік шеңбері дегеніміз – оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары мазмұ-
нында маңызды орын алатын білім мен сауаттылық түрлерін, дағдылар мен құндылықтарды
сипаттайтын, нақтылайтын және құрылымдайтын модель.
Негізгі құзыреттіліктер мен олардың элементтері бастауыш мектептен жоғары сыныпқа
дейін біртіндеп (дамытылып) қалыптастырылатын болады. Оқушылар негізгі құндылықтар-
ды, білімді, сауаттылық түрлері мен дағдыларды бастауыш мектепте, ал кейін негізгі және
орта мектепте оларды орта және жоғары деңгейде игереді. Негізгі құзыреттіліктер мен
олардың элементтерін қалыптастырудың әрбір келесі деңгейі қалыптастырылып үлгерген
деңгейге негізделеді, сөйтіп оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін біртіндеп кеңейтіп,
тереңдетуге көмектеседі. Мұндай тәсіл оқушыларға негізгі құзыреттіліктердің күрделі дең-
гейлеріне біртіндеп өтуіне мүмкіндік береді, осылайша оларды өзгермелі әлемге бейімделе
білуге дайындайды және болашақта кәсіби жетістіктерге жету үшін зор мүмкіндіктер береді.
| 12
Достарыңызбен бөлісу: |