Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Білім беру мазмұнын стандартты деңгейде меңгеру



Pdf көрінісі
бет7/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Білім беру мазмұнын стандартты деңгейде меңгеру – оқушылардың білім мен дағдыларды 
стандартты көлемде меңгеру деңгейі.
Білім беру мазмұнын тереңдете меңгеру дегеніміз – оқушылардың білім мен дағдылар 
көлемін жан-жақты және тереңдете меңгеру деңгейі.


| 10
4. Жалпы ережелер
1.1. Осы Білім беру бағдарламасы Зияткерлік мектептердегі құндылықтарды, оқу мақсатта-
рын, білім беру мазмұнын және Зияткерлік мектептердің жаратылыстану және математика 
бағытындағы оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысты жалпы тәсілдемелерін айқындайтын 
тұжырымдамалық сипаттағы нормативтік құжат болып табылады.
1.2. Осы білім беру бағдарламасы төмендегілерді көздейді:
-
қазақстандық және халықаралық білім беру бағдарламаларын кіріктіру бойынша 
ДББҰ-ның орта білім беру саласындағы саясатын іске асыру;
-
оқу үдерісін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыру арқылы Зияткерлік 
мектептерде үш тілде оқытуды жүзеге асыру;
-
күтілетін оқу нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар жүйесін анықтау арқылы білім 
сапасын арттыру;
-
оқушылардың ғылыми зерттеу әдістері мен таным әдістерін меңгеруі үшін жаратылыста-
ну және математика бағытындағы білімнің, әсіресе, жоғары мектепте берілетін білімнің 
академиялық және практикалық бағыттарды үйлестіруі;
-
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пән мазмұнын терең де жан-жақты 
меңгеруге мүмкіндік беретін пәндік білім мен дағдыларды біртіндеп арттыру;
-
жеке тұлғаның дамуы үшін қолайлы жағдай мен оңтайлы атмосфера құру арқылы білім 
беру үдерісінің оқу-тәрбие компоненті рөлін күшейту;
-
мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, негізгі, жоғары мектеп пен жоғары білім беру 
бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету;
-
Қазақстан Республикасындағы білім беру сапасын арттыру арқылы елдің экономикалық 
және әлеуметтік дамуына қолдау көрсету.
1.3. Осы білім беру бағдарламасы төмендегілерді әзірлеуде негіз болады:
-
бастауыш, негізгі және жоғары мектеп пәндерінің оқу жоспарлары;
-
пәндер бойынша оқу жоспарлары (ұзақ мерзімді, орта мерзімді);
-
пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер;
-
оқушылардың пәндерден оқу жетістіктерін бағалауға арналған өлшеу құралдары;
-
Зияткерлік мектептер мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламалары;
-
Зияткерлік мектептерде оқу жұмысын ұйымдастыруға қатысты басқа да құжаттар.


11 |


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет