Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет26/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

моторлық теориясының» авторы болады. Бұл теория «зейіннің тербелуі» туралы
түсіндіреді, яғни екі жақты бейне дегенді білдіреді (мысалы, бір суреттің біресе
баспалдақ, біресе түсіңкі қабырға сияқты көрінуі), бұл процесс көз қимылдарының
қозғалысы арқылы анықталады. Лангенің бұл теориясы оны Батыста үлкен атаққа
жеткізді.
И.П.Павлов (1849-1936) ол интернационалды, халықаралық мектептің негізін
салды. Оның мектебінде əртүрлі елдің ғалымдары еңбек еткен. Павлов есімімен «шартты
рефлекс» түсінігі ассоциациаланады. Павлов Сеченовтың «ағзаның, ортаның жəне реттеу
сигналдарының арасындағы біртұтастық пен байланыс бар» деген идеясын алға тартып,
көптеген эксперименталды модельдер жасады, онда ағзаның бұрынғы қалыптасқан
мінез құлық формаларын орналастыруы мен жаңа мінез құлық формаларын игеру
ерекшеліктері зерттелді. Тірі ағзаға сыртқы ортаның көптеген тітіркендіргіштері əсер
етеді, алайда, шартсыз жауап реакциясын қайтаруды талап ететін кейбір
тітіркендіргіштердің (қатты ыстық заттар, қатты жарықтар т.б.) түрі бар. Осы
рефлекстердің тітіркенуін шартсыз деп атау қабылданған. Ал, шартты рефлекстердің
туындауы үшін тек тітіркендіргіш ғана емес, сезім органдары арқылы қабылданатын
(дыбыс, иіс т.б. түріндегі) сондай ақ, оларға деген дұрыс рекциялардың игерілуін
қамтамасыз ететін сигналдар қажет. Ағзаның əрекеттері арқылы нығайып, игерілген
сигналдар мен тұрақты рекциялар мінез құлықтың негізін қалыптастырады. Сигнал –
ағзаның тап болған «ортасының суретін» бейнелейді, ал тұрақтылық осы ортада ағзаның
тіршілігін сақтау мүмкіндігін береді (қауіптіліктен қорғану немесе қажетті тағамды тауып
жеу). Сигналдар мен тұрақтылықтың бірігуі ағзаға тəжірибе жинақтауға көмектеседі.
Шартты рефлекстердің қалыптасуы – оқыту мен тəжірибені игерудің негізінде. Шартты
рефлекстерді тудыратын шарттарды білу негізінде мінез құлық бағарламасын жасауға
болады. Павлов оны көптеген эксперименттік жұмыстары негізінде дəлелдеген. Осы
жұмыстарының нəтижесін ол бірінші рет 1903ж. Мадридте өткен халықаралық
медициналық конгресте баяндайы.
Павловтың айтуынша сезім органдары арқылы қабылданған сигналдар ағзада тек
нервтік емес, физиологиялық процестерді де тудырады. Пайдалы немесе зиян сигналдар
алғашқыда психикалық бейнелер түрінде түседі. Сондықтан да, алғашқы сигал жүйелері
болып Павлов бойынша – түйсік пен қабылдау табылады. Ол зерттеулерінің нəтижесінде
мінез құлықты басқаратын екі түрлі сигналдар разряды бар деген қортындыға келеді.
Егер жануарлар əрекеті бірінші сигналдар жүйесі арқылы реттелсе (сезімдік бейнелер),
онда адамдарда қарым қатынас процесі негізінде екінші сигнал жүйесі қалыптасады,
яғни сөйлеу əрекеттерінің сигналдық элементтері (сөздер) болады. Павлов «жоғары жүйке
қызметінің» заңын ашады. Сонымен қатар, Павлов мектебінде бірнеше ғылыми
түсініктердің қатары: сигнал, уақытша байланыс, игерілу, тұрақтану, тежелу,
дифференциация, басқару жəне т.б. өңдделіп, ашылған болатын. Павлов ұсынған
концепцияның бірі «шартты рефлекстер шартсыз рефлекстердің негізінде пайда болады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет