Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет120/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   222
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Жұмабаев М.. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992.
2.Сыздықова Р., Б. Шалабаев, Кӛркем тексті лингвистикалық талдау, А., 
«Мектеп», Исабекова А.К. «Деңгейлік курстарда қолданылатын психологиялық 
тренингтер жинағы» Кӛкшетау,2014 
3.Кәрішалова К. Кітапхана жаңа ғасыр мәденитетінде (балалар әдебиеті 
проблемалары)// Саясат. - №3. - 2006. - 28-29б. 
4.Мектептегі кітапхана «Кітап-білім бұлағы» 2011ж.№5.10-11б 
5.Нұрғалиева. Г.Қ Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы,- Алматы, 
1996. 



ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУҒА ТИІМДІ ӘДІС- ТӘСІЛДЕР, 
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТҤРЛЕРІ 
 
Ӛмірәлиева Гҥлмира Низамбекқызы 
№99 мектеп-гимназиясының 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
 
Сӛз ұғымын меңгерту арнайы логикалық жаттығулар арқылы оқылады. 
Тіл байлығын дамыту мәселесі - күрделі әрі ұзақ жүргізілетін процесс, 
сондықтан бастауыш сыныптарында тіл байлығын дамыту жұмыстарының 
алдына белгілі бір мақсат қойылады. Тіл байлығын дамыту жұмысын белгілі 
тақырыптарға негіздей отырып, мұғалім тілдік процестің тӛмендегідей басты 
мәселелерін үйрету мақсат етуі керек. 
Ол мәселелер мыналар: белгілі бір тақырыпты оқытуға байланысты 
оқушының сӛздік қорын байту арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту, 
мәтінде кездесетін жаңа сӛздерді үйрету, мағынасын ұқтыра отырып, оларды 
жасайтын формаларын меңгерту, сӛйлем құрауға үйрету, ойын ауызша және 
жазбаша сауатты жеткізе білуге дағдыландыру, сӛз бен сӛзді байланыстыруға 
машықтандыру. 
Тіл байлығын дамыту - үнемі жүйелі түрде жүргізіліп отыратын оқу 
жұмысы. Олай болса, тіл байлығын дамыту дегеніміз оқушылардың сӛз 
байлығын арттырып, әр сӛзді орынды қолдануы, ойын жүйелі түрде жеткізуі. 
Тіл байлығын дамыту оқушылардың ойлау қабілетімен тығыз байланысты 
болғандықтан, олардың ойлау процесі үнемі кеңейтіп отыру мұғалімнің басты 
нысанасы болуға тиіс. Сондықтан бастауыш сыныбында тіл байлығын дамыту 
жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталады. Демек, 
оқушылардың тілін байлығын дамыту - олардың жалпы ойын дамыту деген 
сӛз. 
Енді біз оқушылардың сӛздік қорын байыту арқылы, тіл байлығын дамытуға 
арналған жаттығулардың негізгі түрлеріне тоқталайық. 
Бастауыш мектептің бірінші сыныбы үшін логикалық сӛз топтарының 
тӛмендегідей негізгі типтерін ұсынуды дұрыс кӛреміз: 
1) жеміс аттарын білдіретін сӛздер (алма, шие, жүзім, ӛрік.) 
2) кӛкӛніс аттарын білдіретін сӛздер (қауын, қарбыз, қияр, сәбіз). 
3) үй жануарларының аттарын білдіретін сӛздер (қой, ешкі, сиыр, жылқы, 
түйе.). 
4) тӛл аттарын білдіретін сӛздер (қозы, құлын, бота, лақ, бұзау). 
5) кұс аттарын білдіретін сӛздер (үйрек, қаз, тауық, торғай, бүркіт). 
6) киім аттарын білдіретін сӛздер (кӛйлек, шалбар, шапан, тон, ішік, жейде). 
7) ыдыс аттарын білдіретін сӛздер (кесе, қасық, шанышқы, табақ, тостаған.) 
8) аң аттарын білдіретін сӛздер (аю, түлкі, қасқыр, арыстан, піл). 
9) ағаш аттарын білдіретін сӛздер (қарағаи, қайың, терек, шырша). 
10) дене мүшелерінің аттарын білдіретін сӛздер (бас, қол, аяқ, кӛз, мұрын.). 
11) үй заттарының аттарын білдіретін сӛздер (кілем, алаша, орындық, диван, 
теледидар). 


12) кісі аттарын білдіретін сӛздер (Болат, Сәуле, Айгүл, Ақмарал). 
13) дақыл аттарын білдіретін сӛздер (бидай, арпа, тары, сұлы.). 
Берілген сӛз типтеріндегі сӛздер міндетті түрде логикалық жүйелілік ұстанымы 
бойынша оқытуды керек етеді. Яғни, әрбір сӛз топтарын бӛлінбей игертіледі. 
Мұның ӛзі арнайы сӛйлем құрамдарын жасауды керек етеді.
Осындай сӛйлем құрамдарының логикалық, байымдауға байланысты екі 
түрі бар: біріншісі, жалпылауыш компоненті бұрын (мысалы, тӛлдер: лақ, бота, 
бұзау), екіншісі санама (түсіндірме) компоненті бұрын келген сӛйлем 
құрылымы (мысалы, қозы, лақ, бұзау, бота - тӛлдер). Аталған сӛйлем 
құрамындағы белгілі заттың ұғымды білдіретін жеке сӛздерді бір сӛзбен атауға, 
жалпы атауды жеке-дара таратып, талдап айтуға үйрету арқылы оқушылардың 
таным жүйесін, жалпы ой-ӛрісін дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет