Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет19/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   222
Жинак республ docx

Тапсырма 
Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттаңдар. 
 
Қолдауды кӛп қажет ететін оқушыға кӛмек ретінде дайын ұсынылады. тек 
оқушы «сәйкестендіру әдісі» арқылы сӛйлемдер мен тіркес сӛздерге тиісті 
қасиеттерді сәйкестендіреді. 
 
Қолдауды орташа қажет ететін оқушыға қасиеттер ұсынылмайды, ӛздері 
тауып жазады. 
 
Қолдауды мүлдем қажет етпейтін оқушы тапсырманы ӛз бетінше 
орындайды. 
Сынып ішіндегі саралаудың мынадай түрлері бар: қабілеттері бойынша 
саралау, деңгейлік саралау, қызығушылықтары бойынша саралау. Әдетте, 
оқушылардың жеке ӛзіндік ерекшеліктері бойынша ішкі саралау олардың 
әрқайысына жеке қарауға негізделеді. 
Оқушы қарқынын ескере отыра, қосымша тапсырмаларды қолдану тиімді тәсіл. 
Сондықтан да қосымша тапсырмалар қолданылады. Әдетте бұл қосымша 
тапсырмаларды оқушылардың орындауы немесе орындамауы ӛз еріктеріне 
байланысты. Бірақ мұғалім міндетті емес бұл тапсырмаларды орындаулары 
үшін әр түрлі мадақтауларды пайдалана отыра оқушыларды арнайы 
ынталандырып отыруы керек. Мұғалімдер тапсырмаларды оқушы қарқыны 
бойынша саралауды басқа да саралау тәсілдерімен біріктіре алады. Мысалы, 
қосымша тапсырма ретінде шығармашылық жаттығулар немесе деңгейі 
қиынырақ тапсырмалар ұсынылады. Қосымша тапсырмаларды жоспарлайтын 
мұғалімдер тапсырмаларды тақтаға жазып қояды немесе арнайы карточкалар 
береді. Негізгі тапсырмаларды ерте орындап болған оқушылар қосымша 
тапсырмаларды орындауға мұғалімнен сұрамай ӛздері орындауға кіріседі. Ал 
мұғалім бұл уақытта негізгі тапсырманы орындауда қиналып отырған 
оқушыларға кӛмектеседі. Мұғалім әр түрлі типтегі қосымша тапсырмаларды 
алып, оқушылардың таңдауына ұсына алады. [2, 216б.] 
Қосымша тапсырмаларды орындау жұмысын ұйымдастыру ережесі:

негізгі тапсырманы тексермей тұрып қосымша тапсырманы орындауға 
кіріспеңіз;

қосымша тапсырмалар міндетті емес, сондықтан да оларды ішінара, толық 
емес орындауға да болады. Бірақ оқушыларды қосымша тапсырманы орындауы 
үшін ынталандыру қажет;

егер сыныпта негізгі тапсырманы тексеру жүріп жатырса, қосымша 
тапсырманы кейінге қалдырып, мұғаліммен бірге жұмыс жасаған жӛн;

қосымша тапсырмаларды орындауға сабақтың басқа кезеңдерінде оралуға 
болады. 
Оқыту барысында саралаудың дереккӛздер тәсілі деген оқушылардың 
қажеттілігіне, қызығушылығына, білімді, ақпаратты қабылдауына қарай әр 
түрлі дереккӛздермен жұмыс жасайтындай тапсырмалар беру болып табылады. 


Психологтар оқушылардың білімді немесе ақпаратты қабылдауын үш түрге 
бӛліп қарастырады. Олар визуалдар, аудиалдар және кинестетиктер. Сондайақ, 
ақпаратты қабылдаудың сирек кездесетін дискреттер деген түрі де бар.
Аудиалдар – бұл оқушылар ақпаратты есту арқылы 
қабылдайды. Ақпаратты игеру және түсіну үшін 
аудиал оқушыларға тыңдатып және қайталап айтып 
ӛту керек. Бұл типтегі оқушыларға тыңдау арқылы 
қабылдауға болатын дереккӛздерді ұсынған жӛн. 
Мысал үшін аудио және видео жазбалар, аудио кітаптар т.б алуға болады.
Визуалдар – бұл оқушылар кӛптеген жағдайда дүниені кӛзбен кӛру арқылы 
қабылдайды. Бірақ бұл визуалдар есту, сезу арқылы білімді қабылдай алмайды 
деген сӛз емес. Дегенменен де олар ақпаратты кӛру арқылы кӛбірек 
қабылдайды. Бұндай оқушыларға кестелер, мәтіндер, суреттер, презентациялар, 
картиналар, видеожазбалар секілді кӛру арқылы қабылдауға мүмкіндік беретін 
дереккӛздер ұсынып жұмыс жасатқан жӛн.
Кинестетиктер (кӛне грек – «қозғалтамын, ұстап кӛремін», ағыл. kinesthetic – 
«қозғалысқа сезімтал») – ақпараттың кӛптеген бӛлігін дене арқылы сезіну 
жолымен жанасу арқылы қабылдайтын оқушылар. Бұндай оқушыларға ӛз 
кӛзімен кӛріп, қолымен жұмыс жасап қабылдауына мүмкіндік беретін 
дереккӛздермен жұмыс жасаған жӛн. [3, 93б.] 
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы - оқушының туа біткен ақыл-ой 
қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Бұл 
технологияда бірінші орында оқушы туралы және ӛз бетімен білім алудағы 
белсенділігіне 
баса 
назар 
аударады. 
Деңгейлеп-саралап 
оқыту 
технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде 
қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу. [4] Деңгейлік тапсырмалар 
рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың 
деңгейлік сабақ ӛткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, 
тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен 
кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Жоспарлау мен оқыту 
үдерісінде саралаудың тәсілдерін қолдану балаларға оқу тапсырмаларын ӛз 
деңгейі бойынша, қолдау немесе кӛмек кӛрсету арқылы орындауына мүмкіндік 
береді. Бұл оқушылардың оқуға деген сенімділігі мен ынтасын арттырады. 
Баяндамада 
ұсынылған 
саралаудың 
әдіс-тәсілдері 
мен 
сараланған 
тапсырмалардың үлгілері оқыту барысында мұғалімдерге оқушылардың 
мүмкіндіктерін анықтауға, ерекшеліктерін ескеруге, қызығушылықтарын 
арттыруға, 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға 
және 
оқушыларға 
ӛз 
мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтап жетілдірулеріне, тапсырмаларды 
жеңілден күрделіге қарай және де таңдап орындауларына жол ашады. [5,448б.] 
Орыс данасы Л.Толстойдың «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. 
Олқылықтың белгісі – бір ғана әдісті болу; керек орында жоқ әдісті табу да 
қолынан келу. Мұғалім әдісті кӛп білуге тырысу керек. Оларды ӛзіне сүйеніш, 
қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» - деген кеңесін Ахмет Байтұрсынов «... 
әр әдіс ӛз орнында жақсы», - деп ӛрбітеді. Сондықтан да мұғалімдер мен 
оқытушыларға әдіс-тәсілдерді барынша кӛбірек білу артық етпейді деп 
ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет