Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет30/64
Дата28.04.2024
өлшемі3.97 Mb.
#500027
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
3-2020

1-кезең:
«Жұмбақ жәшіктер»
2 командаға арналып жабық жәшік-
терге Қазақстан көлдерінің аттары са-
лынады. Алдымен әр команда өзіне 
2 жәшіктен таңдап алады, сосын әр 
жәшіктің нөмірі бойынша оларға сұрақ 
қойылады.
1-жәшіктің сұрағы:
Қазақстанның ең тұзды көлін ата. 
Ол не себепті өте тұзды? Ол қай ойыста 
орналасқан?
2-жәшіктің сұрағы:
Түсі 2 түрлі көлді ата. 2 түрлі болуы-
ның себебі неде? 2 түрлі болып тұрған 
көлдің ортасын қандай бұғаз бен түбек 
бөліп жатыр?
3-жәшіктің сұрағы:
Қазақстанда суының құрамы лас- 
танған 1 көл бар, соны ата. Ол көлдің 
суына ешкім шомылып, балығын аулап 
жемейді.
4-жәшіктің сұрағы:
Қазақстандағы тектоникалық көл- 
дерді ата. Не себепті олардың қалып- 
тасу жолы тектоникалық деп аталады?
Берілетін ұпай саны жауаптың то-
лық, толық еместігіне байланысты
5-өте дұрыс, 3-жартылай жауапқа.
2-кезең:
«Блиц турнир»
2 жұп команда берілген 20 сұраққа 
тез жауап беру керек.
1 дұрыс жауап 2 ұпайдан есептеледі. 
Толық емес – 1 ұпай. Жауап жоқ неме-
се дұрыс емес - 0. Ойын осы ережемен 
2 рет ойналып, ұпайы артық 2 команда 
және 2 ұпайы аз команда анықталады.
2 ұпайы аз командалар арасында 
дәл осындай ережемен ойын өтеді де 
ұпай саны артық команда анықталады. 
2 ұпай саны артық командалар ара-
сында да ойын қайталанады да, ұпайы 
артық 3 команда анықталады. Одан әрі 
ойынның 4 кезеңі басталады.
1-команданың сұрақтары:
1. Қазақстанда Мезозой жыныста-
ры кездесетін аумақтар: (Маңғыстау, Іле 
Алатауы).
2. Қазақстанда аязды ауа райы қа-
лыптасуына әсер ететін ауа массасы: 
(Сібір антициклоны).


БІЛІМ - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020 
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ / ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА ОБУЧЕНИЯ / THE THEORY AND PRACTICE OF TEACHING
44
3. Жайық өзеніне салынған канал 
аталады: (Жайық-Көшім).
4. Мұздықтардың эрозиялық әре-
кетінен пайда болған көлдер: (Морена-
лық).
5. Ақ, қара сексеуіл көп тараған ай- 
мақ: (Балқаш, Шу, Сырдария).
2-команданың сұрақтары:
1. Қазақстанға кіретін зоогеогра-
фиялық облыс: (Голарктикалық).
2. Орманды дала зонасындағы үл-
кен көлдер: (Лебяже, Сиверка).
3. Бетпақдала аймағындағы шөл-
дің түрі: (Балшықты, тасты).
4. ЮНЕСКО тізіміндегі Қазақстан 
қорығы: (Қорғалжын).
5. Балқашқа құятын судың 80 па-
йыз үлесі тиесілі өзен: (Іле).
Кейін ұпайы аз команда мен ұпайы 
көп командаға тағы қосымша сұрақтар 
беріледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет