ІІІ. Қорытынды
Қорыта келе, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік өркениет көшін
қуып жету мақсатында батыл қадамдар жасады. Елдің саяси жүйесінің
түбегейлі ӛзгеруі демократия принциптеріне негізделген билік тармақтарының
бӛлінуіне әкелді. Саяси жүйемен қабаттаса жүретін саяси сананың да түбегейлі
ӛзгеруі болды. Экономикалық реформалар елде нарықтық қатынастардың
орнауына әкелді. Өркениетті елдер сарапшылары Қазақстанды нарықтық
экономикаға толық кӛшкен ел деп бағалауы экономикалық саясаттың кеңістігін
дәлелдейді. Экономикалық және саяси модернизация нәтижесінде Қазақстан
халқының материалдық жағдайы оңала бастады. Бірақ өркениетті қоғамды
құру тым күрделі және кӛпқырлы үрдіс. Ол экономикалық және саяси
жүйелермен қоса, әлеуметтік саланы мәдениеттің жоғары деңгейге көтерілуін
талап етті. Денсаулық сақтау, білім жүйесі мен ғылым қоғамдағы өндіргіш
күштерге айналуы маңызды. Қазақстандық азаматтың дені сау, білімі сапалы,
кәсіпкерлігі жоғары болса ғана адам факторы іске қосылады. Адам
интеллектісінің өндіргіш күшке айналуы, қоғамдық дамудың сапалы деңгейге
кӛтерілуінің белгісі болмақ. Адамның қоғамның және мемлекеттің дамуының
қайнар көзі - жеке тұлғаның саяси мәдениеті мен саяси белсенділігі. Осы
қасиеттердің қалыптасуына тікелей ықпал етуші фактор – саясаттану ғылымы.
Саясаттану ғылымы қоғамның саяси саласының басқа салаларға әсер етуінің
заңдылықтарын зерттейді. Қоғамдағы басқарудың тиімділігі, оның дамуының
ойдағыдай болуы билеуші элита жүргізетін саясаттың ғылыми негізділігіне
тәуелді. Қоғамдық шындыққа сәйкес келетін оның табиғи заңдылықтарын
таныған саясат қоғамдық эволюцияны тездетуге кӛмектеседі. Керісінше
шындықты бұрмалайтын немесе оған қайшы саясат дамуды тежейді, оған теріс
ықпал жасайды. Саясаттанудың зерттеу объектісі осы құбылыстар. Саяси
шындықтың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны мен ролі саясатқа, билікке,
мемлекетке тәуелді. Саяси қатынастар әлеуметтік мүдделі топтардың саясатты
пайдалана отыра, билікке, мемлекетке қатынасы, әсіресе билік институттарын
басқаратын билеуші элитаның өз халқының түпкілікті мүдделеріне
қызмет
ету
нәтижелі
саясатты
іске
асыруға
байланысты.
|