Жоспарланатын кезеңде Солтүстік –
Қазақстан, Оңтүстік – Қазақстан, Шығыс –
Қазақстан облыстарында және Астана қаласында 4 аймақтық технопарк,
Технологияларды
коммерцияландыру орталығы құрылатын болады, оның
негізгі міндеті отандық
инновациялық әзірлемелерді ендіру және нарықтарға алға жылжыту,
сондай-ақ нақты
техникалық және технологиялық тапсырмаларды шешуге өнеркәсіптік кәсіпорындардың
қажеттіліктерінің деректер базасын және отандық зерттеушілер ендіру үшін ұсынылатын
ғылыми – техникалық жұмыстарды құру және қолдау болмақ.
Экономиканың инновациялық дамуының тағы да бір маңызды құраушысы
энергия
үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстанда шаруашылықтың барлық салдаларында энергияны үнемдеу және
энергия тиімділігін арттыру бүгінгі таңда басымдылықты тапсырма болып табылады, оны
шешумен
энергетикалық, экологиялық және экономикалық мәселелер кешені шешілетін
болады.
Кез – келген өнімнің өзіндік құнындағы үлкен
энергетикалық құраушы оның
қымбаттауына және ізінше, бәсеке қабілетсіздігіне, экспорттық мүмкіндігінің азаюына, ал
егер өнім ішкі нарықта өткізілетін болса халықтың әл – ауқатының төмендеуіне
әкелетіндігін айта кеткен жөн.
Отандық тауар өндірушілерді өндірушілерін және
отандық жұмыс пен қызмет
жеткізушілерін мемлекеттік қолдау шаралары анықталған.
(
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық
жоспарынан
)
Достарыңызбен бөлісу: