75
өсірді. Осылардың бәрі де мінезіне қарай, ой – санасына қарай бірдей емес еді.
Ол –
адам болу, халық үшін қызмет ету. Кейінгі кезде қарт ұстаздың ойы –
өткен мен бүгінді жалғастыру болды...
3- жаттығу. Біріңғай мүшелері бар жеке сөйлемдерді текістен көшіріп
жазып, ережесін еске түсіріңіз.
Салақбай
Әжесі құлағына қанша құйса да, Салақбай ұқыптылыққа үйренбей- ақ
қойды. Даладан келгенде, табалдырықтан
аттамай жатып малақайын бір
жаққа, пальтосын бір жаққа,
қалай болса, солай лақтыра салады. Қашан да
әжесі жинап, тап – тұйнақтай етіп бір жерге іліп жүргені.
Бір күні алакөбеден оянған Салақбай сабаққа барайын деп, киімін іздесе,
күндегі тұратын орнында жоқ . Әрқайсысы шашылған жерінде қалса керек.
Ешкім жинамапты. Салақбай бөлменің ішінде аласұрып есі шықты. Асып –
сасқан шақта іздеген нәрсең табылушы ма еді?
Сабақ басталатын уақыт
таянып қалды. Әбден жанталасқан Сақбай бір кезде оңай амал тапты – ол үй
ішінде қолына іліккен киімді кие салып, мектепке қарай ұшты.
Бірақ оның есесіне,
атасы тымақсыз, әжесі күпісіз, ағасы етіксіз, тәтесі
пимасыз қалды.
4-жаттығу.
Текстен жалпылаушы сөздері бар сөйлемдерді тауып көшіріп, олардың тыныс
белгілерін қойып жазыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: