Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет88/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Тырнақша. Дәйексөз тырнақшаға алынады. Алынған дәйексөз бірнеше 
азатжолдан құралған болса, әр азат жол бөлек-бөлек тырнақшаға алынбайды. 
Тырнақша дәйексөздің басталған жерінен ашылып, біткен жерінен бір-ақ 
жабылады. Шығарманың ішінде келтірілген үлкенді-кішілі хаттар тырнақшаға 
алынады. Кейде тырнақша хаттың әрбір азатжол сайын ашылып отырады да, ең 
соңынан барып бір-ақ жабылады. Бұл – өте сирек қолданылатын ереже. 
Мысалы, С.Мұқановтың «Ботагөз» романындағы Асқардың, Кенжетайдың 
хаттары: «Ботагөз!.. Амантай!.. Екеуіңнің аттарыңды қағазға түсіргеннен кейін, 
аяғына не сөз қосарымды білмей, бірнеше минут дағдарып отырмын»... «Сен 
берген аманатты Сағит қолыма тапсырды»...  
Диалог емес төл сөз тырнақшаға алынады. Объект етіп алынған жеке 
сөйлемдер, сөздер не сөз тізбектері, сондай-ақ әріптер, буындар тырнақшаға 
алынады: Енді «шұбар» деген сөзге «жаман» қосылып, «Жаман шұбар» аталу 
тарихынан (С.Мұқанов) «Жаз шықты» деген сөйлемнің бастауышы – «жаз». 
Дауысты «а» дыбысы – жуан дыбыс. «Ат» – көп мағыналы сөз. «Тарақ» деген 
сөздегі «та» буыны – ашық буын. 


96 
Ескерту. Арнаулы кітаптарда, оқулықтарда (грамматикаларда), әдістемелік 
құралдарда т.б. бұлар тырнақшаға алынбай, басқа әріп түріндегі шрифтімен (курсив, қара 
шрифт т.б.) терілуі мүмкін. 
Мақал, мәтелдер, афоризмдер сөйлем ішінде келтірілгенде тырнақшаға 
алынады. Дәйексөз ретінде келтірілмей, сөйлемге оның ажыратылмайтын 
мүшесі ретінде берілген біреудің сөзі тырнақшаға алынады.
Де дәнекерінсіз айтылып, заттанып кеткен төл сөздер тырнақшаға 
алынады. Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшамен 
жазылады: Ырғызбайдың осындай көпшілігі бас қосқан кеңесінде Зере сөйледі. 
– ...Бірі дарақы мақтаншақ, бірі ұрда-жық, даңғой атанғанда, осындай көп жиын 
үстінде масайып, оспадарлық қылам деп, сондай атақ алатын! – деді. Соңғы 
айтқан «мылжың», «мақтаншақ», «даңғой» дегендері осы арада шынымен төрт 
көзі түгел отыр еді (М.Әуезов). 
Кекету, ажуалау және кері мағынада қолдану үшін айтылған сөз (не 
сөздер) тырнақшаға алынады. Ақ көңіл Ақаң «баланың» сырғытпасын сезген 
жоқ (Ғ. Мұстафин.) Қоян «батыр» қорыққаннан зыта жөнелді (Ертегіден). 
Распутиннің “тәрбиесіне” түскеннен кейін, бақыттың «кілті» кімнің қолында 
екенін Алексей көрді (С.Мұқанов).
Зауыт, фабрика, комбинат, трест, шаруашылық, ұйым, машина маркасы, 
ұшақ т.б. қойылған аттар тырнақшаға алынады. Ал олардың жалпы ресми 
атаулары тырнақшаға алынбайды: «Азовсталь» зауыты, ал Алматыдағы ауыр 
машина жасайтын зауыт; «Актюбрентген» зауыты, «Красный Октябрь» 
фабрикасы, ал Алматыдағы кондитер фабрикасы; «Карагандауголь» тресі, 
«Растовуголь» комбинаты, «Донбасс» көмір комбайны, «Уралец» экскаваторы, 
«Ертіс» пароходы, «У2» ұшағы, «Волга» машинасы, «Қазақ тілі» қоғамы.
 Газет, журнал, кітап, шығарма, қаулы, кино т.б. аттары тырнақшаға 
алынады: «Ана тілі» газеті, «Парасат» журналы, «Жалын» альманахы, «Абай» 
романы, «Шаттық» симфониясы, Абайдың «Жарқ етпес қара көңлім не қылса 
да» деген өлеңі, «Дала қызы» суреті, «Топайкөк» әні, «Көзімнің қарасы» (ән 
және өлең), «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасы, «Аққу көлі» балеті.
Кейбір ойын, әдет-салт аттары тырнақшаға алынады: «Қол ұстату», «шаш 
сипату» деген атақты ырымдар осы. Үлкендер зор меженің бірі деп білетін өмір 
белі «ұрын бару» болса, Абай содан асты. (М.Әуезов). Ұзақты сары күнін 
балапан қуу, асық ойнаумен өткізген балалардың түнгі ермегі – «ақсүйек», 
«соқыртеке», «бурақотан» сияқты ойындар (С.Мұқанов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет