Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет96/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Бақылау сұрақтары: 
1 Сызықша қандай жағдайларда қойылады? 
2 Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша қандай ережелерге 
байланысты қойылады? 
3 Тыныс белгілері қалай және неліктен қабаттаса қолданылады? 
1-жаттығу. Әр сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың арасына 
сызықша қойылатындай етіп, сөйлемдерді қайта құрыңыздар.
Қоқиқаз немесе қызылқаз дүние жүзінде өте сирек кездеседі. Ол 
Қазақстан жерінде Целиноград облысындағы Қорғалжын қорығына қарасты 
Теңіз көлінде жұмыртқа салады. Осы көлдің адам аз баратын аралдарын мекен 
етеді.
Қоқиқаз бірнеше жүздеп немесе мыңдап бір жерде тобымен жүреді. Оның 
сыртқы пішіні сондай әсем. Аяғы мен мойны ұзын, алыстан қарағанда аздап 
аққуға 
ұқсайды. 
Аққудан 
айырмашылығы 
тұмсығының 
бітімінде. 
Тұмсығының ұшы имекше келеді. Оның қанатының түсі қызғылт болады. Бұл 
құс ұшқан кезде көл айдыны қызыл алауға айналады.
Қоқиқаз өте қатал жұптық өмір кешеді. Мамыр, маусым айларында өсіп 
өнеді. Олар жылы жақтан ұшып келісімен жыл сайын жаңғыртып ұя салып 
отырады. Оның ұясы конус тәрізді болып келеді. Аталығы мен ұябасар 
жұмыртқаны кезектесе басады. 30-32 күн ішінде екі-үш балапан шығарады. 
Қызылқаз тұзды көлдерде майда өсімдіктер мен ұсақ жәндіктер қорек 
етеді. Топтасып жүргендіктен кейде ұя салған көлден қоректенудің 
қиындайтын кездері де тың және тыңайған жерлер игерілетін әр түрлі 
аудандарда жүргізу қажет болатын сияқты («КТ»). Бастауыш мектепте оқитын 
қазақ балаларына арналып отырған хрестоматия сөз жоқ Ыбырайдың үлгісі 
бойынша жазылуы керек еді (С. К.). Абай әндері де осы айтқандай бізге 
көптеген варианттармен жетті («СҚ»). 
 
2-жаттығу. 
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойып, ережесін айтыңыздар. 
Бірлік малға сатылса. ант ұрғандықтың басы осы. Өзі мен Абайды, 
Базаралыны айнала қоршап отырған Балбала, Керімбала. Үмітей... Коммунизм 
орнатуда жаңа табыстарға жету жолындағы күреске халықты жұмылдыру 
әдебиет пен өнердің ең жоғарғы қоғамдық борышы. Ералының кең жазығына 
жаңа келіп ілінген жүргіншілер ерте көшкен ауылдың ер – азаматы.Бұның бірі 
қатқан қара келіншек Баян, екіншісі орақ тұмсықты, ақсұр әйел Есбике. Екі 
топтың қимылы өзгеше: бірі әйелдер тобы Жанбота, екіншісі еркектер тобы 
Амантай. Бүгін радио күні.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет